|
|
Қаулы
|
|
|
|
№11/56
|
от 30 желтоқсан 2022 жыл
|
Қорғалжын аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес және 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 10/55 «Қорғалжын аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қорғалжын аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 10 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
- № 2, № 3, № 5 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының өкілеттіктерін тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады деп айқындалсын.
- Қорғалжын аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Қорғалжын аудандық мәслихатына жіберілсін.
- Осы қаулы Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Нұр Қорғалжын» газетінде орналастырылсын.
- Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қорғалжын аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Тюлеубаев
Қорғалжын аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы С.Нуркенова