Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы «Халықпен кездесулер өткізу туралы» № 826 Жарлығын іске асыру мақсатында 2022 жылғы 8-15 тамыз аралығында ауданда 26 кездесу өткізілді, оның ішінде 8 аудан әкімінің қатысуымен, 18 ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен.
Әкімнің халықпен кездесуін өткізу туралы хабарландыру: Аудандық «Нұр Қорғалжын» газетінде 2022 жылдың 28 шілдесінде №39 және аудан әкімдігінің сайтында кездесулер өткізу кестесі жарияланды. Әрбір елді мекенде халықтың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін жинау үшін арнайы жәшіктер орнатылды.
Кездесулер жоспарланған уақыттың төрттен бірден аспайтын бөлігінде баяндама оқылса, уақыттың қалған бөлігі "сұрақ-жауап" форматында өткізілді.
Халықпен кездесулер өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізіліп 5 адам қатысты.
Кездесулерге барлығы 362 адам қатысты. 57 адам сөз сөйледі, 46 ұсыныс түсті.
Аудан тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелер: электрлендіру, газдандыру және телефондандыру – 4 (8 %), жолдарды жөндеу және салу – 3 (6,5%), Жер мәселелері бойынша - 16 (35%), санитарлық тазалау және экологиялық мәселелер бойынша - 2 (4 %), мемлекеттік қызметтер көрсету – 1 (2%), тұрғын үй қатынастары – 2 (4 %), ауыл шаруашылығы және ветеринария – 5 (10%), басқа мәселелер бойынша – 13 (35 %).
Кездесу қорытындысы бойынша барлық 46 ұсыныс қаралып, 4 ұсыныс Қорғалжын ауданы әкімінің кездесулері барысында тұрғындармен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілді.
Аудан әкімінің есеп беру кездесулері барысында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы тоқсан сайын аудандық газеттерде және аудан әкімінің сайтында орналастырылатын болады.
Есеп беру кездесулерінде аудан және ауылдық округ әкімдерінің атына ешқандай сын айтылған жоқ.
Аудандағы кездесулер ұйымдасқан түрде, бекітілген кестеге сәйкес өткізілді.