Қорғалжын ауданы әкімінің 2022 жылдың екінші тоқсанындағы халықпен кездесуінің қорытындылары туралы

Қорғалжын ауданы әкімінің 2022 жылдың екінші тоқсанындағы халықпен кездесуінің қорытындылары туралы

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы "халықпен кездесулер өткізу туралы" № 826 Жарлығын және бекітілген кестені іске асыру мақсатында 2022 жылғы 11-14 сәуір аралығында ауданда 26 кездесу өткізілді, оның ішінде 8 аудан әкімінің қатысуымен, 18 ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен.

Аудандық «Нұр Қорғалжын» газетінде 2022 жылдың 31 наурызында және аудан әкімдігінің сайтында кездесулер өткізу кестесі жарияланды.

Facebook, instagram әлеуметтік парақшаларында кездесулер өткізу уақыты туралы анонс алдын ала жарияланды. Әрбір елді мекенде халықтың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін жинау үшін арнайы жәшіктер орнатылды.

Халықпен кездесулер өткізілгеннен кейін 15 адам қатысқан азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.

Кездесулерге барлығы 1083 адам қатысты. 52 адам сөз сөйледі, 45 ұсыныс түсті.

Аудан тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелер электрлендіру, газдандыру және телефондандыру – 9 (20%), білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарын жөндеу және салу – 4 (9%), жолдарды жөндеу және салу – 6 (13%), Жер мәселелері бойынша - 8 (18%), санитарлық тазалау және экологиялық мәселелер бойынша - 3 (7 %) және басқа мәселелер бойынша – 15 (33 %).

Кездесу қорытындысы бойынша барлық 45 ұсыныс қаралып, 3 ұсыныс Қорғалжын ауданы әкімінің кездесулері барысында тұрғындармен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілді.

Аудан әкімінің есеп беру кездесулері барысында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы тоқсан сайын аудандық газеттерде және аудан әкімінің сайтында орналастырылатын болады.

Есеп беру кездесулерінде облыс, аудан, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің атына ешқандай сын айтылған жоқ.

Аудандағы кездесулер ұйымдасқан түрде, бекітілген кестеге сәйкес өткізілді.

 

Дата публикации
20 апреля 2022