Қорғалжын ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің 2022 жылдың екінші тоқсанында халықпен тұрақты кездесулерінде айтылған ұсыныстарды және ескертулерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарының орындалуы туралы (2022 жылғы 1 шілдеге)

Қорғалжын ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің 2022 жылдың екінші тоқсанында халықпен тұрақты кездесулерінде айтылған ұсыныстарды және ескертулерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар

 Жоспарының орындалуы туралы (2022 жылғы 1 шілдеге)

 

№

Іс -шаралар

Орындау мерзімі

Жауапты

 

Орындалуы

1.      

Қорғалжын-Арықты-Сабынды автожолын жөндеу жұмыстарын жүргізу.

2022 жылғы                               15 желтоқсанға дейін

Ғ-С. Мұхамедди

Л.Ж. Елеуов

Орындалуда. Ұзындығы 78 шақырым болатын Қорғалжын-Арықты-Кенбидайық-Сабынды облыстық маңызы бар автожолдарын орташа жөндеу үшін мемлекеттік сараптамамен жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 300 млн.теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер "Прогрес KZ"ЖШС. Бүгінгі күнге Арықты ауылынан Кеңбидайық ауылына дейін 13 шақырым жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді, жұмыстар жалғасуда.

2.      

Қараегін ауылының су резервуарын жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін қарастыру.

2022 жылғы                               15 желтоқсанға дейін

Ғ-С. Мұхамедди

Л.Ж. Елеуов

М.Б. Хамитжанов

Орындалуда. "Нұра топтық су құбыры" РМК 387 млн теңге сомасына ұзындығы 320,46 км магистральдық су құбырын реконструкциялау бойынша ЖСҚ әзірлеу үшін республикалық бюджетке өтінім берді. Жобаны іске асыру 4 кезеңде жүзеге асырылады. 2022 жылға республикалық бюджеттен магистралды су құбырын қайта жаңарту бойынша ЖСҚ әзірлеуге 100 млн.теңге бөлінді. Қараегін ауылының су резервуарын жөндеу осы жобаның шеңберінде жүзеге асырылады.

3.      

Майшұқыр ауылының су құбырын жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін қарастыру.

2022 жылғы                               15 желтоқсанға дейін

Ғ-С. Мұхамедди

Л.Ж. Елеуов

М.М. Самуратов

Орындалуда. "Нұра топтық су құбыры" РМК 387 млн теңге сомасына ұзындығы 320,46 км магистральдық су құбырын реконструкциялау бойынша ЖСҚ әзірлеу үшін республикалық бюджетке өтінім берді. Жобаны іске асыру 4 кезеңде жүзеге асырылады. 2022 жылға республикалық бюджеттен магистралды су құбырын қайта жаңарту бойынша ЖСҚ әзірлеуге 100 млн.теңге бөлінді. Майшұқыр ауылының су құбырын жөндеу осы жобаның шеңберінде жүзеге асырылады.

 

Дата публикации
30 июня 2022