Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2022» республикалық конкурсына қатысыңыздар

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2022» республикалық конкурсына қатысыңыздар

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстанның Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру және ілгерілету және осы саладағы ең үздік тәжірибені енгізу бойынша ынталандыру мақсатында жылсайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу белгіленді.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi арасында конкурс төрт номинациялар бойынша:

  • «Үздiк әлеуметтiк жауапты кәсiпорын»
  • «Еңбектi қорғау саладасындағы үздiк кәсiпорын»
  • «Үздiк ұжымдық шарт»
  • «Экологияға қосқан үлесi үшiн»

Үш санаттары бойынша:

  • iрi кәсiпкерлiк субъектiсi
  • орта кәсiпкерлiк субъектiсi
  • шағын кәспкерлiк субъектiсiөткiзiлетiн болады.

Конкурсқа қатысуға өтiнiштер ағымдағы жылдың 1 шiлдесiне дейiн қабылданады.Конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер жергiлiктi атқару органдарына қажеттi материалдарды екi данада ұсынады: 1)осы қағидаға сәйкес қосымшасына толтырылған өтiнiмдi;

2) корпоративтiк әлеуметтiк жауапкершiлiгi бойынша деңгейiн бiлдiретiнөзiндiк бағалау жәнеоның қызметiнiң нақты нәтижелерi туралы үмiткердiң есебi.

Үмiткердiң есебiне кiру тиiстi мәлiметтер: жеке немесе заңды тұлағынң тарихы;

  • ұйымдастырушылық құрылымы;
  • басқа қосымша ақпарат;

3) есебтiң қосымшасы (ұжымдық шарттың көшiрмесi және басқа құжаттар);

4) Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен бекiтiлiген үлгiсi негiзiнде толтырылған сауалнама;

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз – 2022» конкурсын өткізу Ережесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің веб-сайтында жарияланды (www.enbek.gov.kz немесе www.paryz.enbek.gov.kz).

Өтінімдер 2022 жылдың 1 шілде айына дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көшесі, 9, «Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ. Электрондық мекен-жайы: otdelozisp@mail.ru. Телефон нөмірі 8 (71637) 2-23-99.

 

Дата публикации
07 июля 2022