Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Е.Қарашөкеевтің 29.12.2021 жылғы № 1-0/9843-ВН хаттамалық тапсырмасын орындау бойынша, сондай-ақ АЖБ деректер базасында тіркелмеген мал басын тіркеуге қатысты облыс әкімдіктерінен, ветеринария басқармаларынан және аумақтық инспекциялардан келіп түскен хаттардың негізінде келесіні хабарлайды.

 

 

ҚР АШМ ВБҚК облыстар мен Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық инспекцияларының (бұдан әрі – аумақтық инспекциялар) ақпараты бойынша, қазіргі таңда елімізде тіркелмеген мал саны 432 024 басты құрағаны анықталды, оның ішінде: ІҚМ - 168 953 бас, ҰҚМ - 198 788 бас, шошқа - 1 512 бас, түйе - 6 397 бас, жылқы - 56 374 бас.

Осылайша, 2022 жылғы 1 ақпан мен 31 мамыр аралығында (4 айға) одан әрі ұзартылмайтын, АЖБ деректер базасында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың ветеринариялық дәрігерлері үшін тіркелмеген ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу (заңдастыру) үшін «Жасыл дәліз – 3» ашылады.

Сонымен қатар, дерекқорға енгізу үшін ауыл шаруашылығы жануарларының туған күнінің ауқымы 01.01.2000-01.01.2022 жылдар аралығында болады. Ауыл шаруашылығы жануарларын АЖБ деректер базасында тіркеу кезінде «Шаруашылық бойынша есепке алу кітабы» бөлімін, шаруашылық бойынша есепке алу кітабының сканерленген файлын қоса толтыру қажет. Аталған шара АЖБ деректер базасында камералдық бақылауды және енгізілген деректердің дұрыстығын жүргізуге бағытталған.

Бұдан басқа, Комитет «Жасыл дәліз – 3» шеңберінде АЖБ дерекқорында ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу кезінде енгізілген деректер кейіннен деректерді түзетуге (өзгертуге) жатпайтынын хабарлайды.

Ақпарат алу үшін Қорғалжын ауданының Ветеринарлық станциясы жанындағы КМК Қорғалжын ауылы, Ә.Молдағұлова көшесі, 14 мекен-жайына хабарласыңыздар. Жұмыс телефоны 2-22-51.Сондай-ақ, ауылдық округтің ветеринария мамандарына жүгініңіз.

Дата публикации
23 февраля 2022