Президент Жолдауына мол сенім

 

            Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үстіміздегі жылғы 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында халқымызға жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялағаны белгілі. Мен, Қ-Ж. Тоқаевтың жолдауын толығымен тыңдап, жариялымды зерделеп оқып шықтым. Осынау Жолдауда әлемді жайлаған пандемия жағдайында,елімізді қиыншылыққа ұшыратып тұрған кезеңде, оның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жағдаяттары мен шаруашылықтыңбарша салалары талданып, толықтай қамтылды деп есептеймін. Ең негізгі мәселе - әлеуметтік-экономикалық тұрақталықты сақтауға, тұрғындардың хал-ахуалын жақсартуға бағытталған саясатқа баса назар аударылғанын атап өткен жөн.

                Мәселен, елімізде қордаланған жағдайлардың шешімін табу жолдарын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Президенті: «Ішкі жалпы өнімнің абстрактілі өсімімен жұртты қуанта алмаймыз. Халыққа тұрақты жұмыс орындары, қолайлы жол, ауруханалар мен мектептер, сапалы азық-түлік керек. Экономикалық реформалар азаматтардың табысын арттырып, тұрмыс сапасының жоғары стандартын қамтамасыз еткенде ғана өзін-өзі ақтап, қолдауға ие болады. Осыны әрдайым есте ұстауымыз қажет», - деп қадап айтты.

                Президенттің ел даму үшін жасалатын қадамдарды қадап тұрып айтуы жұртшылықтың көңілінен шықтыдеп ойлаймын. Жалпы айтқанда, осынау Жолдау өзінің жітілігімен, ұтқырлығымен және нақты ұшқырлығымен ерекшеленеді. Бұл жолдау бұған дейінгі қабылданған аса маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатына көз жеткізді.

                Сонымен қатар, бұл жолғы Жолдау электр энергетикасы саласындағы, жалпы энергетика саласындағы қызметкерлерге ерекше екпін берді деп айтсақ та болады. Өйткені еліміздің біртұтас электр энергетикалық жүйесі тұтынушыларды сенімді және сапалы электр энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін жәйттер - электр энергиясын өндіру, электр энергиясын беру және электр энергиямен жабдықтау секторлары болып табылады.

                Бүгінгі таңда энергия беруші ұйымдар шарттар негізінде электр энергиясының меншікті немесе пайдаланылатын (жалға алу, лизинг, сенімді басқару және пайдаланудың басқа да түрлері) электр желілері арқылы көтерме және бөлшек нарығының тұтынушыларына немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға берілуін жүзеге асырып отырғанын ерекше атап өткен жөн.

                Осы мәселеге нақтырақ оралатын болсақ, келесі кезеңдерде электр энергиясының тапшылығы орын алуы мүмкін. Бүгінгі таңдаеліміздің халқы мен экономикасы қарқындап артып келеді, сондықтан ол сандық жағынан да, яки сапалық жағынан да өсуі үшін энергияның барлық түрі ауадай қажет, яғни атомдық энергияны, экологиялық таза «жасыл» энергияны, жаңғыртылған электр энергия көздерін пайдалану сияқты мәселелер орын алады.

                Әрине, бұл өте құптарлық жәйт, сап көңілімізге үміт сыйлайтыны белгілі. Сол себепті де Мемлекет басшысы айқындап берген бағыттан айырылмай, шаруашылықты одан әрі дамытып,бұл бағытта белсенді түрде қажырлылықпен еңбек етуіміз керек. Қазіргі кезде тағы бір ойландырып, мазалайтын мәселе, ол халықтың әлеуметтік жағдайы, болашақ ұрпақ пен жеткіншектің ертеңі, сондай-ақ жер, тіл мәселесі екені айшықталып тұр. Әлбетте, осынау мәселелер де халықтың күш-жігері арқасында шешілетініне сенімім мол.                                                                                                                                                                    

Ақмола облысы

бойынша Атомдық және энергетикалық

қадағалау департаментінің басшысы

Әділжан Укпенов

  

 

 

Дата публикации
04 октября 2021