Қорғалжын ауданы ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы
2021 жылғы 15 шілде сағ.15.00-де Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Қорғалжын ауданының ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы отырысы өтті.
Ақмола облысы Қорғалжын ауданы бойынша 8 ауылдық округтері ішінен үш Сабынды,Кеңбидайық,Майшұқыр ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалды.3 ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлау мерзімі келуіне байланысты сайлауға қатысуға мүмкіндік алды.
2021 жылдың 14 шілдесіндегі сағат 18-дегі жағдай бойынша Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімдеріне ұсынылған 11 кандидаттың 11-і тіркелді. Оның ішінде 5(45,4%) саяси партиялардан,6- өзін-өзі ұсыну бойынша.
Орташа бәсекеге қабілеттілік 3 адамды құрады.Саны көп кандидаттар -5)Сабынды ауылдық округінде).екі округте 3 кандидаттан (66,6%).
Саяси партиялар 3 сайлау округі бойынша үміткерлерді ұсынды: Нұр Отан партиясынан 3 үміткер, ҚХДП Ақ Жол 1 үміткер, ҚХП 1 кандидат.
11 кандидаттың сәйкестілігі анықталды. Өзін өзі ұсынған 6 кандидаттар қажетті қол санын жинады.
11 кандидаттың 3(27%)-әйелдер.
7 кандидат жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер.
Оның ішінде 2 кандидат жұмыс істеген ауыл округтеріне қайта сайлауға түсті.
Соңғы жұмыс орны мемлекеттік қызметке қатысты емес 4 кандидат мемлекеттік қызмт заңнама талаптарына сәйкестігі анықталды. Оның ішінде 4-і коммерциялық құрылым өкілдері.
Саяси партиялар :1-(45,4%)-жұмыс істеп жүрген әкімдер,2-мемлекеттік қызметшілер,2-коммерциялық құрылымнан.
Мынадай мамандықтар бойынша: 3(27%) – экономикалық және қаржы мамандықтары, 5(45,4%) , басқа мамандықтар.
Орташа жас- 42жас,ең жасы 29 жас(Ергалиева Айзада Шакеновна, Сабынды ауылдық округі),ең үлкені -61 жас(Елеуов Лөкет Жаманбаевич,Майшұқыр ауылдық округі).
4(36,3%) сайлауға түсетін ауыл округінде тұрады.
А.ж.15 шілдеге Қорғалжын ауданы бойынша 11 кандидат тіркелді.
Ең көп Сабынды ауылдық округінде 857 сайлаушылар,140-ең аз сайлаушылар Майшұқыр ауыл округінде. Алыс ауыл округі 56 км аудан орталығынан орналасқан(Сабынды ауыл округі)
|
№ |
Округтің атауы |
Кандидаттың аты-жөні |
Туған жылы |
Атқаратын лауазымы (кәсібі) жұмыс және тұрғылықты жері |
|
1. |
Сабынды ауылдық округі |
Дуанбеков Нурсултан Кайркельдиевич |
1989 |
«Дария» жеке кәсіпкерлігінің атқарушы директоры, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған. Қазақ |
|
2. |
Ергалиева Айзада Шакеновна |
1991 |
Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған. Қазақ |
|
|
3. |
Омарова Дана Сатбековна |
1969 |
Қорғалжын аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған. Қазақ |
|
|
4. |
Смагулова Гульбану Мухаметалиевна |
1975 |
Сабынды ауылдық округінің әкімі, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылдында тұрады. Өзін-өзі ұсынған. Қазақ. |
|
|
5. |
Хамитжанов Мурат Бактыбаевич |
1984 |
«Алғабас-Х» шаруа қожалығының басшысы, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Алғабас ауылында тұрады. «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігінен ұсынылған. «Nur Otan» партиясының мүшесі, қазақ. |
|
|
6. |
Кеңбидайық ауылдық округі |
Абышев Амангельды Крыкбаевич |
1975 |
Қорғалжын аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында тұрады. «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігінен ұсынылған. «Nur Otan» партиясының мүшесі, қазақ. |
|
7. |
Рахметов Ермухамед Канатович |
1979 |
«Аружан» шаруа қожалығының басшысы, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында тұрады. «Қазақстанның Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылған. Қазақстан Халық партиясының мүшесі, қазақ. |
|
|
8. |
Тлеулесов Ерканат Боранбекович |
1980 |
«Ораз ауылы» шаруа қожалығының басшысы, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған. Қазақ. |
|
|
9. |
Майшұқыр ауылдық округі |
Елеуов Локет Жаманбаевич |
1960 |
Қорғалжын аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған. Қазақ. |
|
10. |
Рахимов Мирболат Галымбекович |
1985 |
Қорғалжын аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында тұрады. «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылған. Қазақ. |
|
|
11. |
Самуратов Мейрам Молдабекович |
1967 |
Майшұқыр ауылдық округінің әкімі, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында тұрады. «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігінен ұсынылған. «Nur Otan» партиясының мүшесі, қазақ. |
Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясы