Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары белгіленсін.
  2. Қорғалжын ауданы әкімдігінің «Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы №43 «Үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындарын белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 29 тамыздағы №168 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6094 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының басшысы Ж. М. Мырзагельдиевке жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қорғалжын ауданының әкімі                                                     Б. Жанбаев

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қорғалжын аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 июля 2021