Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ауылдық округтер әкімдерінің сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы хабары

2021 жылғы 10 шілдедегі Қорғалжын ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысында өзін-өзі ұсынушы 2  кандидат тіркелді:

- Ергалиева Айзада Шакеновна - Сабынды ауылдық округінің әкіміне кандидат;

-  Омарова Дана Сатбековна  - Сабынды ауылдық округінің әкіміне кандидат;

1 кандидат «Қазақстанның Халық партиясы» қоғамдық бірлестінен ұсынылған:

-Рахметов Ермұхамед Қанатұлы- Кеңбидайық ауылдық округінің әкіміне кандидат.

Тіркелген кандидаттардың 33% ер адам және 66% әйелдер.
Отырыс барысында кандидаттарға куәлік табысталды.

Қорғалжын  ауданының  ауылдық округтердің әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылдың 24 шілдесінің сағат 00.00- ге дейін үгіт-насихат жұмыстарын бастауға құқылы.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы "Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы" 12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі

 

Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
10 июля 2021