2021 жылғы 8 шілдедегі Қорғалжын ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысында "Нұр Отан" партиясы қоғамдық бірлестігінен 3 кандидат тіркелді:
- Самұратов Мейрам Молдабекұлы - Майшұқыр ауылдық округінің әкіміне кандидат;
- Абышев Амангелді Қрықбайұлы - Кеңбидайық ауылдық округінің әкіміне кандидат;
- Хамитжанов Мұрат Бақтыбекұлы - Сабынды ауылдық округінің әкіміне кандидат;
«Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық Партиясы» қоғамдық бірлестігінен 1 кандидат тіркелді:
Тіркелген кандидаттардың 100% ер адам.
Отырыс барысында кандидаттарға куәлік табысталды.
Қорғалжын ауданының ауылдық округтердің әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылдың 24 шілдесінің сағат 00.00- ге дейін үгіт-насихат жұмыстарын бастауға құқылы.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы "Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы" 12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі
Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясы