«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 маусымдағы №5/5 «Қорғалжын ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы»қаулысына сәйкес 2021 жылдың 25 шілдесіне сайлау тағайындалғанын хабарлаймыз:
- Кеңбидайық ауылдық округінің әкімі;
- Майшұқыр ауылдық округінің әкімі;
- Сабынды ауылдық округінің әкімі.
Сонымен қатар, ауылдық округтердің сайлауына дайындық және оны өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді, ол аудандық аумақтық сайлау комиссиясының сайтында орналастырылды
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы