Қорғалжын ауданы ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14 бабының 6) тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына, 22 бабына сәйкес, Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қорғалжын ауданы  ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру:

- Кеңбидайық ауылдық округі әкімінің – Кеңбидайық  сайлау округі Кеңбидайық  ауылдық округінің шекараларында;

- Майшұқыр ауылдық округі әкімінің – Майшұқыр  сайлау округі Майшұқыр ауылдық округінің шекараларында;

 -Сабынды  ауылдық округі әкімінің – Сабынды сайлау округі Сабынды ауылдық округінің шекараларында;

 

 Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Қорғалжын  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Нұр Қорғалжын » газетінде жариялансын.

 

 

Қорғалжын  аудандық

сайлау комиссиясының төрағасы                   Қ.Тюлеубаев                     

 

Қорғалжын аудандық

сайлау комиссиясының хатшысы                   С.Нуркенова                      

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 июня 2021