Қорғалжын ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қорғалжын ауданында 2021 жылғы 25 шілдеге:

- Кеңбидайық   ауылдық округі әкімінің;

-  Майшұқыр ауылдық округі әкімінің;

- Сабынды  ауылдық округі әкімінің  сайлауы тағайындалсын.

  1. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Қорғалжын ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулы Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық « Нұр Қорғалжын » газетінде жариялансын.

 

 

Қорғалжын аудандық

сайлау комиссиясының төрағасы                             Қ.Тюлеубаев

 

Қорғалжын аудандық

сайлау комиссиясының хатшысы                             С.Нуркенова

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 июня 2021