Ashyq қосымшасын Egov мобильді базасымен сәйкестендіру қажет

«Ashyq» қосымшасыбөтен ЖСН енгізуден қорғау мақсатындаEgovжүйесіндегіазаматтардыңмобильді базасымен сәйкестендірілді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарышөнеркәсібі вице-министріӘсетТұрысовайтыпберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Вице-министр «Ashyq» жүйесінің мемлекет меншігінеөткенінескесалды.

«ЖүйеніңҰлттық оператор – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қарауынаберілгенінайтқым келеді. Енді «ҰАТ» АҚ техникалықмамандары «Ashyq» жүйесін толықәкімшілендіруменайналысады. Сонымен бірге, мобильдіқосымшаүнеміжаңартылыпотырады. 18 мамырданбастапAndroid-де «Ashyq» жаңанұсқасыіскеқосылды, онда QR-кодтысканерлемей-ақ, өзмәртебеңіздітексереаласыз», - дедіӘсетТұрысов Орталық коммуникацияларқызметіндеөткенбаспасөзмәслихатында.

Вице-министр «Ashyq» қосымшасыазаматтардыңмобильді базасымен біріктірілгенінатап өтті.

«Бөтен ЖСН енгізудіңалдыналу үшін «Ashyq» қосымшасыазаматтардыңмобильді базасымен біріктірілді. Мобильді база Egovқұрамында, сондықтан басқа ЖСН енгізілсе, олEgovдеректерінесәйкескелмейді. ТұрғындарданEgovmobileқосымшасынжүктеп, осы қосымшаменсәйкестендірудісұраймын. Бұлкөпуақыттықажететпейді, осыданкейінсізмобильдіазаматтарбазасынакіресіз. Осылайша, бізбөтен ЖСН енгізудіңжолынкесеміз», - дептүсіндірдіӘсетТұрысов.

Вице-министр 21 мамырдағыжағдай бойынша пайдаланушылар саны 1,6 млн адамғажеткенінатап өтті.


Барлық құқықтарқорғалған. inform.kz белсендісілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/ashyq-kosymshasyn-egov-mobil-di-bazasymen-saykestendiru-kazhet_a3791791

Дата публикации
28 мая 2021