"Ashyq" жобасын енгізу 10 мың адамды ықтимал жұқтырудан қорғауға мүмкіндік берді-ҚР ДСМ

"Ashyq" жобасын енгізу вирус жұқтырған немесе байланыста болған адамдардың қоғамдық орындарға бару мүмкіндігін болдырмауға, азаматтарды жұқтыруды барынша азайта отырып, шағын және орта бизнестің жұмысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
ҚР ДСМ электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Бейбіт Есенбаевтың айтуынша, өткен демалыс күндері еліміздің екі әуежайында оң ПТР (Қызыл) бар 14 адам және байланыста болған (сары) 32 адам анықталды. Жоба іске қосылған сәттен бастап (12 сәуір) 2 631 "қызыл" келуші және 2 074 байланысушы анықталды.

"Бір науқас 4-тен 6 адамға дейін жұқтыруы мүмкін. Осылайша, "Ashyq" жобасын енгізу 10 мыңға дейін адамды ықтимал жұқтырудан қорғауға мүмкіндік берді. Қосымшада "Ashyq"жобасына қатысатын объектілердің қызметін шектеудің нақты критерийлері көрсетілгенін атап өткім келеді. Қызыл, сары және жасыл аймақтар", - деді ведомство өкілі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, ол 1 шілдеге дейін "Ashyq" мобильді қосымшасын "Вакцинация"модулімен біріктіру жоспарланғанын айтты. КВИ вакцинасының екі компонентін алған азаматтар кедергісіз өтеді.

Дата публикации
24 мая 2021