Медициналық маскалардың тиімділігі

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның айтуынша, зерттеулер медициналық маскалардың тиімділігін дәлелдеді. Бетперде тағу коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға көмектеседі.

«Тиісті зерттеуді Гонконг университеті мен АҚШ-тағы Мэриленд университетінің ғалымдар тобыДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының қатысуымен жүргізді. Зерттеу нәтижелері ғылыми басылымдарда жарияланды», - деп түсіндірді қалалық бас санитар дәрігер.

Америкалық ғалымдар коронавирустың жылдам таралатынын анықтады. Принстон университетініңмамандары COVID-19 індеті таралуының математикалық моделін ойлаптапты. Оның көмегімен пандемия адамдар көп жиналатын жерлерге баратын инфекция тасымалдаушылар әсерінен індет тез таралатыны айқындалды.

«Инфекцияның алдыналу үшін бәріне жоғары қорғаныс бетперделерін пайдалану қажет емес. Мысалы, жұқпалы аурулар дәрігерлеріне толық оқшаулағыш респираторлар қажет, ал жұмысы медицинамен байланысты емес адамдар үшін дәріханаларда сатылатын қарапайым маскалар жарайды. Үйде мұндай  қорғаныс қажет емес, бірақ қоғамдық орындарға барған кезде міндетті болып тұр. Кәдімгі медициналық масканы әр 2-3 сағат сайынауыстыру керек екенін есте ұстағанжөн», - деді маман.

Дата публикации
08 апреля 2021