Аудан халқының саны 2020 жылдың 1-қазанында 8 664 адам құрады, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 99,8% құрады (8 678 адам).
2.Ауылшаруашылық. 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 15 300,3 млн тенгені құрады, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 119,7% құрады (2019 жылы 12 781,3 млн тенге).
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымының нақты көлем индексі 129,9% құрады, 2019 жылы 87,7% құраған болатын.
Барлық шаруашылық санаттары бойынша тірі салмақпен 1 663,1 тонна ет өндірілген немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 47,4% құрады.
Сонымен қатар 7 754,2 тонна сүт өндірілді, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 101,2% құрады. Ал тауық жұмыртқалары 1 006,7 мың дана немесе 2019 жылға 102,6% құрады.
2020 жылдың қаңтар-қазан айларында аудан шаруашылықтарының барлық түрлері бойынша:
- 22 029 ірі қара мал, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда – 97,4% құрады, сонымен қатар 9 744 бас сиыр, немесе былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 100,7% құрады.
- 33 601 бас қой және ешкі, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 102,7% құрады;
- жылқы 13 647 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 106,4% құрады;
- шошқа 27 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 103,8% құрады.
- құс 22 595 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 102,7 % құрады;
3.Инвестициялар. 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында 2 280,2 млн тенге көлемінде негізгі капиталға инвестициялар жұмсалды, бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 133,1% (2019 ж – 1 713,1 млн тенге), негізгі капиталға инвестицияларды жұмсаудың нақты көлем индексі 130,1% құрады.
4.Құрылыс жұмыстары және оның ішінде тұрғын үй құрылысы. Құрылыс жұмыстарының көлемі 793,3 млн.теңге немесе өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 3,9 есе көп, құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 4,7 есеге артық құрап отыр.
2020 жылдың қаңтар-қазан айларында тұрғын үйлерді пайдалануға берілген 2 927 шаршы метр аумақ немесе, өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 104,1% құрады. Тұрғын үйлердің құрылысына жұмсалған инвестициялар көлемі 349 млн тенгені құрады немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 71,4% құрады (2019 жылы 309,8 млн теңге). Құрылыс халықтың жеке қаражаты есебінен қаржыландырылды.
5.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту. Аудандық статистика мәліметі бойынша 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 578 бірлік, оның ішінде кіші кәсіпкерлік 116 бірлік, жеке кәсіпкерлік 262 бірлік, шаруа қожалықтар 200 бірлік. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 96,7% құрады.
2020 жылдың қаңтар-қазан айларында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 221,9 млн теңге құрады, немесе былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 105% құрады.
ІІ. ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Әлеуметтік көрсеткіштер. 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш жасағандар саны – 380 адам, соның 436 адамы жұмысқа орналастырылды. Кезең соңына жұмыссыз адамдар саны 151.
Сонымен қатар 2020 жылдың ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша орташа айлық жалақы көлемі 130 401 тенге құрады, немесе облыстың орташа айлық жалақысына 80 % құрады (облыстық көрсеткіш – 163 027 тенге). Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда орташа айлық жалақы 124,9% құрайды. (2019 жылғы орташа айлық жалақы көлемі – 104 416 тенге).
Білім беру. Ауданда 15 жалпы білім беретін мектеп (9 орта, 4 негізгі, 2 бастауыш), 2 қосымша білім беру ұйымы (балалар музыка мектебі, балалар шығармашылық үйі), 13 мектепке дейінгі мекеме (2 балабақша және 11 шағын орталық) жұмыс істейді. Аудан мектептері бойынша оқушылар контингенті 1889 адамды құрайды, 216 бала мектепалды даярлықпен қамтылды.
11 шағын орталықта 266 бала, 2 мектепке дейінгі ұйымдарда 260 бала тәрбиеленуде. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 97,2%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100% құрайды.
Денсаулық сақтау. Тәулік бойы стационарда 36 төсегі бар аудандық аурухана және бір ауысымда 60 адам қабылдайтын емхана аудан халқына медициналық көмек көрсетілді, бір ауысымда 25 адам қабылдайтын бір дәрігерлік амбулатория, 1 ФАП және 10 медициналық пункт, амбулаторлық - емханалық көмек 15 төсек - күндізгі стационарды алмастыратын көмек, Сабынды дәрігерлік амбулаториясында 5 төсек.
"Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 28.06.2020 жылғы № 414-адм "Қосымша провизорлық төсек ашу туралы" бұйрығын орындау үшін, халық арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, емдеуге жатқызуды қажет ететін пациенттер санының өсуіне байланысты провизорлық стационарлар, АПП жанындағы тәуліктік 34 төсек және күндізгі стационар 15 төсек провизорлық стационар 50 төсекке қайта өзгертілді.
Криминогендік жағдай. 2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ауданда 30 қылмыс тіркелді, 2019 жылы - 25 қылмыс болған, яғни 5 фактіге көбейіп отыр немесе 120% құрады, оның ішінде ауыр, аса ауыр 12 қылмыс тіркелді (2019 жылы – 3 қылмыс).