Қорғалжын ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы 2020 жылдың қаңтар-тамыз айының АҚПАРАТЫ

Аудан халқының саны 2020 жылдың 1-тамызында 8 668 адам құрады, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 99,5% құрады (8 714 адам).

 

  1. ЭКОНОМИКА

 

  1. Өнеркәсіп. Қорғалжын ауданының 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында өндіріс өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі 2 397,2 млн теңге құрады, бұл өткен жылмен  салыстырғанда 104,3% құрады (2019 ж – 2 298,8 млн тенге). Ауданының өнеркәсіп өнімдері өндірісінің нақты көлем индексі 123,2% құрады. (2019 ж- 120,3%).

 

2.Ауылшаруашылық. 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 5 690 млн тенгені құрады, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 156,3% құрады (2019 жылы 3 639,7млн тенге).

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымының нақты көлем индексі 123,3% құрады, 2019 жылы 132% құраған болатын.

Барлық шаруашылық санаттары бойынша тірі салмақпен 1 375,2 тонна ет өндірілген немесе  былтырғы жылмен салыстырғанда 50,8% құрады.

Осы көрсеткіштердің орындалмау себебі, "Астана Агропродукт" ЖШС елдегі жарияланған карантинге байланысты ет өңдеуді тоқтатты.

Сонымен қатар 5 107,2 тонна сүт өндірілді, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 101,3% құрады. Ал тауық   жұмыртқалары 915,3 мың  дана  немесе  2019 жылға 102,6% құрады.

2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында аудан шаруашылықтарының барлық түрлері бойынша:

- 22 347 ірі қара мал, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда – 95,2% құрады, сонымен қатар 9 994 бас сиыр, немесе былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 103,4% құрады. Ауданның ауылшаруашылық тауар өндірушілерінде мал басының азаюы есебінен, ІҚМ басының төмендеуі: "Нұр-Суат" ЖШС және "Ақмол-2003" ЖШС-де мал сатылды, сондай-ақ "AgroExportLTD" ЖШС-де мал басы екі есеге азайды.

- 34 458 бас  қой және ешкі, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 102,1% құрады;

- жылқы 13 791 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 106,1% құрады;

- шошқа 37 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 102,8% құрады.

- құс 23 286 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 102,8 % құрады;

 

3.Инвестициялар. 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында 1 541,8 млн тенге көлемінде негізгі капиталға инвестициялар жұмсалды, бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 148,4% (2019 ж – 1 039,2 млн тенге), негізгі капиталға инвестицияларды жұмсаудың нақты көлем индексі 145,4% құрады.

 

4.Құрылыс   жұмыстары  және  оның  ішінде тұрғын үй құрылысы. Құрылыс  жұмыстарының  көлемі 201,7 млн.теңге немесе  өткен  жылдың  деңгейімен  салыстырғанда 108,6%, құрылыс  жұмыстарының  нақты көлем индексі 119,5% құрады. ҚР-да төтенше жағдай жариялануына байланысты құрылыс жұмыстары тоқтатылды.

 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында тұрғын үйлерді пайдалануға берілген 2 189 шаршы метр аумақ немесе,  өткен  жылдың  деңгейімен  салыстырғанда 106,6% құрады (2019 ж – 2 053 мың шаршы метр). Тұрғын үйлердің құрылысына жұмсалған инвестициялар көлемі 271 млн тенгені құрады немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 85,9% құрады (2019 жылы 309,8 млн теңге). Құрылыс халықтың жеке қаражаты есебінен қаржыландырылды.

 

5.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту. Аудандық статистика мәліметі бойынша 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 557 бірлік, оның ішінде кіші кәсіпкерлік 115 бірлік, жеке кәсіпкерлік 252 бірлік, шаруа қожалықтар 190 бірлік. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 93,9% құрады.

2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 126,1 млн теңге құрады, немесе былтырғы жылдың осы мерзімімен  салыстырғанда 88,5% құрады. Бөлшек сауда тауар айналымы көлемінің азаюы төтенше жағдайға және карантин режимін жалғастыруына байланысты. Сондай-ақ, сауда объектілерінің жұмыс режимі мен салалар бойынша шектеулер де әсер етті. Автокөлік қозғалысының шектелуіне байланысты жанар-жағар май көлемі де төмендеді.

 

ІІ. ӘЛЕУМЕТТІК  САЛА

 

Әлеуметтік көрсеткіштер. 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында  жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш жасағандар саны – 342 адам, соның 291 адамы жұмысқа орналастырылды. Кезең соңына жұмыссыз адамдар саны 196.

Сонымен қатар  2020 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша  орташа айлық жалақы көлемі  129 252  тенге құрады, немесе облыстың орташа айлық жалақысына 79,5 % құрады (облыстық көрсеткіш – 162 583 тенге). Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда орташа айлық жалақы 124,9% құрайды. (2019 жылғы орташа айлық жалақы көлемі – 103 485 тенге).

 

Білім беру. Ауданда 15 жалпы білім беретін мектеп (9 орта, 4 негізгі, 2 бастауыш), 2 қосымша білім беру ұйымы (балалар музыка мектебі, балалар шығармашылық үйі), 13 мектепке дейінгі мекеме (2 балабақша және 11 шағын орталық) жұмыс істейді. Аудан мектептері бойынша оқушылар контингенті 1889 адамды құрайды, 216 бала мектепалды даярлықпен қамтылды.

11 шағын орталықта 266 бала, 2 мектепке дейінгі ұйымдарда 260 бала тәрбиеленуде. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 97,2%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100% құрайды.

Кезекте тұрған 0-ден 6 жасқа дейінгі балалардың үлесі, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына анықталған жоғарыда көрсетілген жастағы балалардың жалпы санынан 7,4% (20 адам) құрайды.

 

Денсаулық сақтау. Тәулік бойы стационарда 36 төсегі бар аудандық аурухана және бір ауысымда 60 адам қабылдайтын емхана аудан халқына медициналық көмек көрсетілді, бір ауысымда 25 адам қабылдайтын бір дәрігерлік амбулатория, 1 ФАП және 10 медициналық пункт, амбулаторлық - емханалық көмек 15 төсек - күндізгі стационарды алмастыратын көмек, Сабынды дәрігерлік амбулаториясында 5 төсек.

"Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 28.06.2020 жылғы № 414-адм "Қосымша провизорлық төсек ашу туралы" бұйрығын орындау үшін, халық арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, емдеуге жатқызуды қажет ететін пациенттер санының өсуіне байланысты провизорлық стационарлар, АПП жанындағы тәуліктік 34 төсек және күндізгі стационар 15 төсек провизорлық стационар 50 төсекке қайта өзгертілді.

 

Криминогендік жағдай. 2020 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша ауданда 24 қылмыс тіркелді,  2019 жылы - 23 қылмыс болған, яғни 1 фактіге көбейіп отыр немесе 104,3% құрады, оның ішінде ауыр, аса ауыр 11 қылмыс тіркелді (2019 жылы – 3 қылмыс).

 

Дата публикации
03 февраля 2021