Аудан халқының саны 2020 жылдың 1-шілдесіне 8 684 адам құрады, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 99,5% құрады (8 729 адам).
Өнеркәсіп. Қорғалжын ауданының 2020 жылдың қаңтар-шілде айларында өндіріс өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі 2 278,9 млн теңге құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 114,2% құрады (2019 ж – 1 995,4 млн тенге). Ауданының өнеркәсіп өнімдері өндірісінің нақты көлем индексі 131,1% құрады. (2019 ж- 118,1%).
2.Ауылшаруашылық. 2020 жылдың қаңтар-шілде айларында ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 2 229,5 млн тенгені құрады, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 80,4% құрады (2019 жылы 2 774,1 млн тенге).
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымының нақты көлем индексі 71,9% құрады, 2019 жылы 125,8% құраған болатын.
Барлық шаруашылық санаттары бойынша тірі салмақпен 1 268,6 тонна ет өндірілген немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 50,4% құрады.
Сонымен қатар 5 151,2 тонна сүт өндірілді, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 101,2% құрады. Ал тауық жұмыртқалары 820,8 мың дана немесе 2019 жылға 101,2% құрады.
2020 жылдың қаңтар-шілде айларында аудан шаруашылықтарының барлық түрлері бойынша:
- 22 529 ірі қара мал, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда – 94,6% құрады, сонымен қатар 9 994 бас сиыр, немесе былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 103,4% құрады. Ауданның ауылшаруашылық тауарөндірушілерінде мал басының төмендеуі есебінен ірі қара мал басының төмендеуі: "Нұр-Суат" ЖШС және "Ақмол-2003" ЖШС мал сатылды, сондай-ақ "AgroExportLTD" ЖШС мал басы екі есеге азайды.
- 34 872 бас қой және ешкі, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 102,2% құрады;
- жылқы 13 905 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 106% құрады;
- шошқа 37 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 102,8% құрады.
- құс 23 478 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 102,8 % құрады;
3.Инвестициялар. 2020 жылдың қаңтар-шілде айларында 1 111,9 млн тенге көлемінде негізгі капиталға инвестициялар жұмсалды, бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 111,3% (2019 ж – 999,3 млн тенге), негізгі капиталға инвестицияларды жұмсаудың нақты көлем индексі 108,7% құрады.
4.Құрылыс жұмыстары және оның ішінде тұрғын үй құрылысы. Құрылыс жұмыстарының көлемі 192,5 млн.теңге немесе өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 106,8% құрады, құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 112,2% құрап отыр.
2020 жылдың қаңтар-шілде айларында тұрғын үйлерді пайдалануға берілген 1 889 шаршы метр аумақ немесе, өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 110,9% құрады. Тұрғын үйлердің құрылысына жұмсалған инвестициялар көлемі 242 млн тенгені құрады немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 84,3% құрады (2019 жылы 280,8 млн теңге). Құрылыс халықтың жеке қаражаты есебінен қаржыландырылды.
5.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту. Аудандық статистика мәліметі бойынша 2020 жылдың қаңтар-шілде айларында жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 548 бірлік, оның ішінде кіші кәсіпкерлік 113 бірлік, жеке кәсіпкерлік 244 бірлік, шаруа қожалықтар 191 бірлік. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 91,9% құрады.
2020 жылдың қаңтар-шілде айларында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 90,9 млн теңге құрады, немесе былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 88,4% құрады. Төтенше жағдайға және наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін карантин режимінің жалғасуына байланысты бөлшек сауда айналымының көлемі азайып, саудаға шектеу қойылды, жолаушылар тасымалы және басқа да қызмет түрлері тоқтатылды.
ІІ. ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Әлеуметтік көрсеткіштер. 2020 жылдың қаңтар-шілде айларында жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш жасағандар саны – 311 адам, соның 270 адамы жұмысқа орналастырылды. Кезең соңына жұмыссыз адамдар саны 186.
Сонымен қатар 2020 жылдың ІІ тоқсан қорытындысы бойынша орташа айлық жалақы көлемі 129 252 тенге құрады, немесе облыстың орташа айлық жалақысына 79,5 % құрады (облыстық көрсеткіш – 162 583 тенге). Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда орташа айлық жалақы 124,9% құрайды. (2019 жылғы орташа айлық жалақы көлемі – 103 485 тенге).
Білім беру. Ауданда 15 жалпы білім беретін мектеп (9 орта, 4 негізгі, 2 бастауыш), 2 қосымша білім беру ұйымы (балалар музыка мектебі, балалар шығармашылық үйі), 13 мектепке дейінгі мекеме (2 балабақша және 11 шағын орталық) жұмыс істейді. Аудан мектептері бойынша оқушылар контингенті 1889 адамды құрайды, 216 бала мектепалды даярлықпен қамтылды.
11 шағын орталықта 266 бала, 2 мектепке дейінгі ұйымдарда 260 бала тәрбиеленуде. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 97,2%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100% құрайды.
Денсаулық сақтау. Тәулік бойы стационарда 36 төсегі бар аудандық аурухана және бір ауысымда 60 адам қабылдайтын емхана аудан халқына медициналық көмек көрсетілді, бір ауысымда 25 адам қабылдайтын бір дәрігерлік амбулатория, 1 ФАП және 10 медициналық пункт, амбулаторлық - емханалық көмек 15 төсек - күндізгі стационарды алмастыратын көмек, Сабынды дәрігерлік амбулаториясында 5 төсек.
"Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 28.06.2020 жылғы № 414-адм "Қосымша провизорлық төсек ашу туралы" бұйрығын орындау үшін, халық арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, емдеуге жатқызуды қажет ететін пациенттер санының өсуіне байланысты провизорлық стационарлар, АПП жанындағы тәуліктік 34 төсек және күндізгі стационар 15 төсек провизорлық стационар 50 төсекке қайта өзгертілді.
Криминогендік жағдай. 2020 жылдың қаңтар-шілде айларында ауданда 20 қылмыс тіркелді, 2019 жылы - 22 қылмыс болған, яғни 2 фактіге азайып отыр немесе 90,9% құрады, оның ішінде ауыр, аса ауыр 10 қылмыс тіркелді (2019 жылы – 3 қылмыс).