Аудан халқының саны 2020 жылдың 1-наурызына 8 632 адам құрады, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 98,7% құрады (8 767 адам).
2.Ауылшаруашылық. 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 820,5 млн тенгені құрады, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 93% құрады (2019 жылы 881,8 млн тенге).
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымының нақты көлем индексі 82,3% құрады, 2019 жылы 190,1% құрады.
Барлық шаруашылық санаттары бойынша тірі салмақпен 911,1 тонна ет өндірілген немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 77,3% құрады.
Осы көрсеткіштердің орындалмау себебі, "Астана Агропродукт" ЖШС елдегі жарияланған карантинге байланысты ет өңдеуді тоқтатты. Кәсіпорын наурыз айының соңынан бастап жұмыс істей бастады.
Сонымен қатар 887,1 тонна сүт өндірілді, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 101,7% құрады. Ал тауық жұмыртқалары 113,4 мың дана немесе 2019 жылға 102,4% құрады.
2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында аудан шаруашылықтарының барлық түрлері бойынша:
- 20 369 ірі қара мал, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда – 91,3% құрады, сонымен қатар 9 079 бас сиыр, немесе былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 103,7% құрады. Көрсеткіш тұрғындар өз қажеттіліктеріне ірі қара мал сою есебінен төмендеді.
- 31 630 бас қой және ешкі, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 177,2% құрады;
- жылқы 12 896 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 107,7% құрады;
- шошқа 33 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 110% құрады.
- құс 12 990 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 107,7 % құрады;
3.Инвестициялар. 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында бойынша 190,9 млн тенге көлемінде негізгі капиталға инвестициялар жұмсалды, бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 147,4%, негізгі капиталға инвестицияларды жұмсаудың нақты көлем индексі 143,5% құрады.
4.Құрылыс жұмыстары және оның ішінде тұрғын үй құрылысы. Құрылыс жұмыстарының көлемі 3,8 млн.теңге немесе өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 55,9%, құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 55,5% құрады. ҚР-да төтенше жағдай жариялануына байланысты құрылыс жұмыстары тоқтатылды
2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында тұрғын үйлерді пайдалануға берілген 587 шаршы метр аумақ немесе, өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 143,2% құрады (2019 ж – 410 мың шаршы метр). Тұрғын үйлердің құрылысына жұмсалған инвестициялар көлемі 107 млн тенгені құрады немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 2,3 есе көп құрады (2019 жылы 46 млн теңге). Құрылыс халықтың жеке қаражаты есебінен қаржыландырылды.
5.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту. Аудандық статистика мәліметі бойынша 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 563 бірлік, оның ішінде кіші кәсіпкерлік 109 бірлік, жеке кәсіпкерлік 260 бірлік, шаруа қожалықтар 194 бірлік. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 97,2% құрады.
2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 36 млн теңге құрады, немесе былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 100,4% құрады.
ІІ. ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Әлеуметтік көрсеткіштер. 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш жасағандар саны – 117 адам, соның 103 адамы жұмысқа орналастырылды. Кезең соңына жұмыссыз адамдар саны 122.
Сонымен қатар 2019 жылдың 4 тоқсан қорытындысы бойынша орташа айлық жалақы көлемі 106 559 тенге құрады, немесе облыстың орташа айлық жалақысына 76,3 % құрады (облыстық көрсеткіш – 139 728 тенге). Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда орташа айлық жалақы 123,8% құрайды. (2018 жылғы орташа айлық жалақы көлемі – 86 101 тенге).
Білім беру. Ауданда 15 жалпы білім беретін мектеп (9 орта, 4 негізгі, 2 бастауыш), 2 қосымша білім беру ұйымы (балалар музыка мектебі, балалар шығармашылық үйі), 13 мектепке дейінгі мекеме (2 балабақша және 11 шағын орталық) жұмыс істейді. Аудан мектептері бойынша оқушылар контингенті 1889 адамды құрайды, 216 бала мектепалды даярлықпен қамтылды.
11 шағын орталықта 266 бала, 2 мектепке дейінгі ұйымдарда 260 бала тәрбиеленуде. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 97,2%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100% құрайды.
Кезекте тұрған 0-ден 6 жасқа дейінгі балалардың үлесі, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына анықталған жоғарыда көрсетілген жастағы балалардың жалпы санынан 7,4% (20 адам) құрайды.
Доля детей в возрасте от 0 до 6 лет, стоящих на очереди для определения в ДДО, в общей численности детей вышеуказанного возраста составляет 7,4% (20 человек).
Денсаулық сақтау. Медициналық ұйымдардың желісін ауысымына 60 адам қабылдайтын емханасы бар 50 төсектік аудандық аурухана, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік - акушерлік пункт, 15 медициналық пункт, амбулаториялық – емханалық көмек кезінде 20 төсектік стационар, 4 ауысымда бір жедел шұғыл жәрдем бригадасынан құралады.
Криминогендік жағдай. 2020 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша ауданда 8 қылмыс тіркелді, 2019 жылы - 10 қылмыс болған, яғни 2 фактіге азайып отыр немесе 80% құрады, оның ішінде ауыр, аса ауыр 4 қылмыс тіркелді (2019 жылы – 2 қылмыс).