Қорғалжын ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы 2020 жылдың қаңтар-ақпан айының АҚПАРАТЫ

Аудан халқының саны 2020 жылдың 1-ақпанына 8 632 адам құрады, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 98% құрады (8 807 адам).

 

  1. ЭКОНОМИКА

 

  1. Өнеркәсіп. Қорғалжын ауданының 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында бойынша өндіріс өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі 776,4 млн теңге құрады, бұл өткен жылмен  салыстырғанда 172,2% құрады (2019 ж – 451 млн тенге). Ауданының өнеркәсіп өнімдері өндірісінің нақты көлем индексі 133,2% құрады. (2019 ж- 105,3%).

 

2.Ауылшаруашылық. 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 268,3 млн тенгені құрады, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 48,3% құрады (2019 жылы 555,5 млн тенге).

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымының нақты көлем индексі 39,6% құрады, 2019 жылы 181,7% құрады.

Барлық шаруашылық санаттары бойынша тірі салмақпен 207,9 тонна ет өндірілген немесе  былтырғы жылмен салыстырғанда 26,4% құрады.

Сонымен қатар 465,5 тонна сүт өндірілді, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 101,5% құрады. Ал тауық   жұмыртқалары 40,8 мың  дана  немесе  2019 жылға 101,5% құрады.

2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында аудан шаруашылықтарының барлық түрлері бойынша:

- 20 996 ірі қара мал, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда – 95,3% құрады, сонымен қатар 9 079 бас сиыр, немесе былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 103,3% құрады; 

- 29 914 бас  қой және ешкі, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 101,2% құрады;

- жылқы 12 896 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 107,7% құрады;

- шошқа 33 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 110% құрады.

- құс 19 570 бас, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 106,3 % құрады;

 

3.Инвестициялар. 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында бойынша 142,2 млн тенге көлемінде негізгі капиталға инвестициялар жұмсалды, бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 261%, негізгі капиталға инвестицияларды жұмсаудың нақты көлем индексі 2,5 есеге көп құрады.

 

4.Құрылыс   жұмыстары  және  оның  ішінде тұрғын үй құрылысы. Құрылыс  жұмыстарының  көлемі 2,6 млн.теңге немесе  өткен  жылдың  деңгейімен  салыстырғанда 38,2 %, құрылыс  жұмыстарының  нақты көлем индексі 38,8% құрады.

 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында тұрғын үйлерді пайдалануға берілген 507 шаршы метр аумақ немесе,  өткен  жылдың  деңгейімен  салыстырғанда 199,6% құрады (2019 ж – 254 мың шаршы метр). Тұрғын үйлердің құрылысына жұмсалған инвестициялар көлемі 97 млн тенгені құрады немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 88,9% құрады (2019 жылы 28 млн теңге). Құрылыс халықтың жеке қаражаты есебінен қаржыландырылды.

 

5.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту. Аудандық статистика мәліметі бойынша 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 563 бірлік, оның ішінде кіші кәсіпкерлік 111 бірлік, жеке кәсіпкерлік 263 бірлік, шаруа қожалықтар 189 бірлік. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 96,9% құрады.

2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 20,2 млн теңге құрады, немесе былтырғы жылдың осы мерзімімен  салыстырғанда 88,8% құрады.

 

ІІ. ӘЛЕУМЕТТІК  САЛА

 

Әлеуметтік көрсеткіштер. 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында  жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш жасағандар саны – 102 адам, соның 57 адамы жұмысқа орналастырылды. Кезең соңына жұмыссыз адамдар саны 108.

Сонымен қатар  2019 жылдың 4 тоқсан қорытындысы бойынша  орташа айлық жалақы көлемі  106 559  тенге құрады, немесе облыстың орташа айлық жалақысына 76,3 % құрады (облыстық көрсеткіш – 139 728 тенге). Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда орташа айлық жалақы 123,8% құрайды. (2018 жылғы орташа айлық жалақы көлемі – 86 101 тенге).

 

Білім беру. Ауданда 15 жалпы білім беретін мектеп (9 орта, 4 негізгі, 2 бастауыш), 2 қосымша білім беру ұйымы (балалар музыка мектебі, балалар шығармашылық үйі), 13 мектепке дейінгі мекеме (2 балабақша және 11 шағын орталық) жұмыс істейді. Аудан мектептері бойынша оқушылар контингенті 1889 адамды құрайды, 216 бала мектепалды даярлықпен қамтылды.

11 шағын орталықта 266 бала, 2 мектепке дейінгі ұйымдарда 260 бала тәрбиеленуде. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 97,2%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100% құрайды.

МБҰ анықтау үшін кезекте тұрған 0-ден 6 жасқа дейінгі балалардың үлесі жоғарыда көрсетілген жастағы балалардың жалпы санынан 7,4% (20 адам) құрайды.

 

Денсаулық сақтау. Медициналық ұйымдардың желісін ауысымына 60 адам қабылдайтын емханасы бар 50 төсектік аудандық аурухана, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік - акушерлік пункт, 15 медициналық пункт, амбулаториялық – емханалық көмек кезінде 20 төсектік стационар, 4 ауысымда бір жедел шұғыл жәрдем бригадасынан құралады.

Дата публикации
03 февраля 2021