Сабынды ауылдық округі әкімі Г.М.Смагулованың 2020 жылға арналған әлеуметтік- экономикалық дамуы туралы есебінің тезисі

2020 жылғы 1 қыркүйек ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті біз өз жұмысымызда қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу.

Әлемнің  жаңа болмыс-бітімі қалыптасып жатқан шақта біз реформаларға тың серпін беруіміз керек. Бұл бағытта Ұлт жоспарын және Бес институттық реформаны негізгі бағдар етіп ұстануымыз қажет.

2020 жылдың 1 қаңтардағы санақ бойынша ауылдық округ аумағында 1775  адам тұрады, 433 аула.

Сабынды ауылдық округінің құрамына 3 елді-мекен кіреді. Олар Сабынды, Алғабас, Қараегін ауылдары. Біздің ауыл табыстары кедейлік шегінен төмен отбасылары жоқ ауылдардың санатына жатады. 

 

Партия

Ауылдық округте  «НұрОтан» бастауыш партиясы жүргізіледі, 102 партия мүшесі бар. Партия мүшелерімен тоқсан сайын жиналыстар өткізіліп тұрады. Еліміздің экономикалық, политикалық жағдайлары, ағымдағы жұмыстар мен тапсырмалар  талқыланады.

Аграрлық

 Сабынды ауылдық округ аумағында орналасқан:

13 ЖШС  бар, оның ішінде 7 ЖШС егін шаруашылығымен айналысады. Егілген егіс көлемі- 18063 га.

23 шаруа қожалығы бар, егілген егіс көлемі- 3621га.

 

Мал шаруашылығы

Сабынды ауылдық округі бойынша:

ІҚМ -1222 бас

ҰҚМ-2476.

Жылқы-850.

Құс- 4824.

Сонымен қатар мал шаруашылығын өсірумен 8 шаруашылық бар. Олар  «Мерей-10», «Сман и Аскар», «Алғабас-Х» «Сенім», «Бекзат», «Қалқаман»,  «Табыс», «Алға» ж/к айналысады.

 

А.ж. «Алғабас-Х» шару қожалығы ірі қара мал табының асылдадыру бағытында 118 бас асыл тұқымды мал сатып алды.

Сонымен қатар индикативтік көрсеткішті дамытуда 2019 жылы құрылған «Алға» жеке кәсіпкер басшысы осы жылы тауарлы сүт фермасын ашып, сүт өнімдерін өңдеумен қатар бие сауып, қымыз істеп, өндірілген өнім түрлерін аудандық және облыстық жәрменкелерге шығарды және Нұр-Сұлтан қаласындағы сауда орындарына өткізді және «Сман и Аскар» шаруа қожалығы етті мал өсіру фермасын ашты.

          Жылда әр ауылда мал табыны ұйымдастыру мақсатында ауыл тұрғындарымен жиналыс өткізіліп, жеке сектордағы үй жануарларына жылқы, бойдақ ірі қара малдарын бағу үшін бақташылар сайлайды. ҰҚМ-ды кезектесіп бағады.

Жеке кәсіпкер «Толепбекова» үш жыл аралығында ауыл табынын асылдандыру бағытында «Әулиекөл» және т.б. асыл тұқымды бұқалармен қамтамасыз етуде. 2020 жылы 30 бас бұқа табындарға қосылды.

         

Әлеуметтік сала

Ауылдық округтің аумағында екі орта, бір бастауыш мектеп орналасқан, мемлекеттік және орыс тіліңде білім беруде.  Барлығы 382 оқушы, және 76 мұғалім сабақ береді. Мектеп іші шағын орталықтарында 60 бала тәрбиеленуде. Бүгінде карантиндік режимге байланысты, шағын орталықтарда кезекші топтар тәрбиеленуде.

Қараегін  ауылы Ш.Уалиханов атындағы орта мектепке облыстық бюджеттен 117 млн бөлініп, «Аlan construction» мердігер компаниясы күрделі жөндеу жұмыстарын жүгіргізді.

Округ бойынша 12 айда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны-6  отбасы, соның ішінде- 26 балаға жәрдемақы, сондай-ақ, ай сайын азық –түлік және тоқсан сайын гигиеналық пакеттерін алуды.

Елімізде болып жатқан төтенше жағдайларға байланысты ауыл имамдары, ауыл жастары  мен ел ағалары әлеуметтік осал топтағы, көп балалы отбасыларға «Біз біргеміз» акциясы негізінде 30 отбасыға азық-түлік пакетін, 1 қап ұннан таратты. АӘК алушы отбасыларға тегін маска берілді.

Медицина саласында бір дәрігерлік амбулаторя  қызмет  көрсетеді. 1 медпункт бар. 3 медбике қызмет етеді.  Қараегін медициналық пунктінде Сабынды ауылының медицина қызметкері қосымша жұмыс жасайды.

 

 

Кәсіпкерлік саласы

2020 жылы С.Конакбаева «Бизнестің жол картасы 2021» бағдарламасымен 15 млн және 25 млн теңге өз қаражат есебінен Сабынды ауылынан мейрамхана құрылысы жүргізілді. Бүгінде  құрылыс аяқталып, қажетті жабдықтармен жабдықталуда.

Округте тұрғындар шағын кәсіперлікпен айналысу мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы «Бизнес бастау» жобасымен  Бейсенбаев Е  жоба грантын иеленді.

Мешіт, медресе

Сабынды ауылдық округінде 1 мешіт, 1 медресе, 1 намазхана бар. Аталған діни объектілер Сабынды ауылында орналасқан.

«Ляззат» медресеі 2011 жылы ашылды, 40 орындық, жалпы көлемі-1224,9 шаршы метр.

«Жақсыгеді» мешіті  2011 жылы ашылды, мешітте -350 адамға дейін құлшылық ете алады. Имамы Дәметов Тимур Нұрхамитұлы 1968 жылы туған, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Арықты ауылының тумасы. Алматы қаласындағы "Үш қоңыр" медресе-колледжін тамамдаған. 2010 жылдан бастап имам болып жұмыс істейді. 2019 жылдың тамыз айынан бастап Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Сабынды ауылы аумағында орналасқан "Лаззат"атындағы медреседе Республикалық Құран жаттау орталығының филиалында менеджер болып жұмыс істейді.

Сабынды ауылында мешіт пен медресе бар. А.ж.  28 оқушы білім алған. Елдегі карантиндік режимге байланысты  окушылар өз үйлеріне жіберілді. Және ауыл ішінде намазхана орналасқан.

Округ бойынша өзге діни ағыммен айналысушы топтар жоқ.

 

Көркейту, көгалдандыру санитарлық тазалық жұмыстары

2020 жылы Сабынды ауылдық округі бойынша ауыл  көшелерін қардан тазалау жұмыстарына келісіммен «Талды» ЖШС тартылған, ал Қараегін ауылында Касенов Марат Кыстаубаевичтың демеушілігімен тазарту жұмыстары жүргізіледі.

Сабынды ауылы А.Құнабаев, Ә.Үсенов көшелерінен, аудан ортағынан бөлінген арнайы техникамен ( үш КАМАЗ, бір МАЗ, погрузщик) 2940 куб қар шығарылды.

Сабынды ауылы «АФ Талды» ЖШС техникасымен «Шөптікөл» бөгетіне барар жол қардан тазартылып, «Нұрсәт и К» ЖШС инертті материалдар әкелінді.

Қараегін ауылында, Ш.Уалиханов көшесі мектеп алдына «Жана» ЖШС техникаларымен суағарлар тазартылды.

Елді мекендерді абаттандыру бойынша көктемгі айлықта ауыл іші  қыстық  қоқыстан тазаланып жатыр.

Сондай-ақ учаскелік полиция қызметкерлері жиындада, ауыл тұрғындарына таратылған 364-хабарламада ауылдарда қараусыз жүрген малдар анықталған жағдайда мал иелеріне ҚР ӘҚБтК 147б, 505бсәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынатындығы ескертілді.

 Жоғарыдағы жұмыстарды атқаруға округтегі ЖШС арқылы күл-қоқыс шығаратын бригада (мехотряд) ауыл халқының өз қаражаты есебінен 11520 т қоқыс шығарды.

Жұмыспен қамту орталығы жолдамасымен 9 адам ауыл  сыртын, көшелерін  күнделікті  қоқыстардан  тазартты.

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 75 жылдығына орай  Сабынды ауылы ҰОС ескерткішіне ағымдық жөндеу жұмыстары: сырлау, әктеу, тал отырғызылды.

Сондай-ақ Сабынды  ауылы А.Кұнанбаев көшесіндегі бетон қоршауының 1800  м әкткелді.

Суға түсу маусымының басталуына байланысты елді-мекендегі су айдындарына суға түсуге болматындығы туралы ескерту белгілері қойылды.        

2020 жылы 31 наурызында Сабынды ауылдық округі бойынша  3 елді-мекенінде онлайн түрде мал бағуды ұйымдастыру жөнінде жиын өтті. Өткен жиынның хаттамасында көрсетілгендей 2-жылқы, 5-ІҚМ және 3-бойдақ қара мал табындары сәуір айынан бастап жайылымға шықты.

«Қорғалжын ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК бөлімі мамандары округтегі қараусыз жүрген 40 -ит ауланды.

Қоғамдық тәртіп

Сабынды ауылдық округтегі қоғамдық тәртіпті қадағалап, қылмыспен күресуге аудандық ішкі істер бөлімінен  2 учаскелік полиция инспекторы бекітілген.

Округі бойынша  полиция инспекторымен 1 қылмыстық оқиға тіркеліп, ашылды. 8 адам профилактикалық есепке қойылды, 50-хаттама толтырылды, соның ішінде қоғамдық жерде , көшеде, мас күйінде-7, отбасылық тұрмыстық қатынаста-5, тұрмыстық салада (санитарлық тазалық)-14, жол жүру ережесін бұзғандар-13, қалған 11-әр түрлі құқық бұзушылықтар бойынша хаттамалар.

    Сабынды ауылдық округі бойынша қоғамдық тәртіп сақтау мақсатында ауылдардан екі адамды сақшы ретінде тіркеді.

Көлік және байланыс

          Ауыл мен аудан орталығының арасында жолаушыларға күн сайын микроавтобустар, Сабынды – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша екі жеке меншік газель қызмет көрсетеді.

          Ауылдық округ аумағында 162 телефон номері орнатылған және жұмыс істейді, оның ішінде 148 пәтерлі номер, 11 заңды тұлғалар номері.

Округ бойынша Отау ТВ цифрлы теледидарына 361 абонент жеке тұлға, 1 абонент заңды тұлға.

Пошта

2020 жылдың желтоқсан айынан бастап қызметкер жұмыс атқаруда.   Зейнетақы мен айлық жалақыны беру, басылымға жазылу жұмыстары жүргізілуде. 

Бюджеттік сала

 

2020 жылдан бастап ауылдық округіміздің өз бюджеті  болады, сол бюджетті толтыруда салық түсімдерін дұрыс жүргізуі арқылы жиналады, ал түскен қаражат ауылдық округтің жергілікті  қоғамдастығы келісімімен округтің қажеттілігі үшін жұмсалады.

2020 жылға қарастырылған 23 млн 726 мың теңге қаржы толығымен ағымдағы жылдың аяғына дейін игеріледі.

Салық түсімдері

      Сабынды ауылдық округі бойынша 2020 жылға салық түрлерінің жоспары 6 млн 475 мың теңге. Көлік салығы  (жоспар-2 млн 197 мың) 1 772 043  мың теңге. Жер  салығы (жоспар 403 мың)  -292 241 теңге. Мүлік  салығы (жоспар 154 мың) 171 629 теңге. Жеке  табыс  салығы (жоспар 3 млн 721 мың)– 3 млн 738,5  мың теңге, барлығы-5 млн 974413 мың теңге.

Алдағы уақытта жүзеге асырылуға жоспарланған жұмыстар:

- Сабынды ауылы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу;

-Бұқаралық спортты дамытуда ауыл жастарының ұсынысымен футбол алаңын, спорт аланын салу;

-Инвесторлардың көмегімен, «Тага Групп» ЖШС форель балағын өсіру шарушылығын ашу;

-Ауыл іші жолдарын жөндеу

-Ауыл  көшелерін жарықтандыру

Жергілікті тұрғындардардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту осы тұрғыдан жеке кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыздық деңгейін қысқарту. Әлеуметтік-экономикалық  жағдайы төмен отбасылар санын мейлінше азайту. Қарттар мен мүгедектер жандарға жан-жақты көмек көрсету және елді мекендерімізді көркейтуге барынша ат салысамыз.

Дата публикации
18 января 2021