Майшұқыр ауылдық округіне 2 елді мекен кіреді. Олар: Майшұқыр, Құмкөл.
Майшұқыр ауылында - 53 аула, Құмкөл ауылында – 5 аула. Халқының жалпы саны- 215 адам, негізгі тұрғындары қазақтар -207, орыстар-1, украин -2, неміс -5.
2020 жылдың қаңтар айында Коммунар ауылдық округі тұрғындарымен өткен кезекті кездесудегі жылдық есеп барысында мектептің жөндеу жұмыстары көтерілді.
Бүгінгі таңда округте 1 мектеп жұмыс істейді. Майшұқыр 9 жылдық мектебі, онда 18 ұстаз дәріс береді, мектепте шағын орталық жұмыс істейді, 46 бала бар.
Ауылдық кітапхана өз жұмысын үзбей атқарып отыруда. Кітапхананың қоры 6067 дана кітаппен қамтылған. Жыл сайын жаңа кітаптармен толықтырылып отыр.
Ауылда медициналық медпункітімізде арнайы білімі бар медбике дәрігерлік қызмет көрсетуде. Ауыл тұрғындарының, соның ішінде әйел адамдарының уақытылы скринигтен және медициналық тексерістен өтулері қадағаланып отырады.
Ауылдық округтегі 6 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 3 шаруа қожалығы бар. Бидай, арпа егіледі. Шаруашылықтардағы мал саны жылдан жылға өсіп келеді. «Ащыкөл» ЖШС-да 88 бас қара мал, 107 қой, 57 жылқы бар. «Ахметов» шаруа қожалығында 13 бас қара мал, 15 жылқы, 38 қой бар. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде жеке үй шаруашылықтарының үлесі жоғары. 3 жылқы, 3 қара мал, 2 қой табыны шығарылады. Келісім бойынша бағасы белгіленіп бағылуда. Бірдейлендіру, қан алу тағы басқа ветеринариялық жұмыспен ауылдағы ветпункт қызметкерлері айналысады.
Шағын бизнесті дамытуда 1 жеке кәсіпкер еңбек етіп жатыр. Олар азық-түлік тауарларымен сауда жасауда. Ауыл тұтынушыларына қажетті азық-түлік тауарларымен қамтып отыр.
Биылғы жылы қыс айларында ауылда боранның жиі соғып, қардың жолды жауып тастауы жиі болып тұрды.
Жолдар қардан «Ащыкөл» ЖШС-ы басшысы Ж.Мукушевтың демеушілігімен және аудандық коммуналдық «Өрлеу» мекемесінің көмегімен, бюджеттен бөлінген қаржыға жанар-жағар майымен қамтамасыз етіп, жолдың қары уақытында тазаланып отырды.
«Ащыкөл» ЖШС-ы басшысы Ж.Мукушевтың көмегімен қаңтар, ақпан айларында қалың қардың құрсауынан қиналмай шықтық десек де болады. Ел азаматы ретінде ауылға көрсеткен көмегіне ауыл тұрғындары атынан шексіз рахмет айтамыз.
Ауыл тұрғындарына ауруханаға, аудан орталығына жеке шаруаларымен қатынап отыруға жолдың қардан уақытында аршылып отыруынан бөгет болмады.
Қыс бойына ауылдық мектеп көмірмен уақытылы толық қамтылып отырды, көмірмен қиындық болған жоқ.
Қатты боран, аяз күндері мектептерде мұғалімдердің күшімен кезекшілік құрылып, мектеп жылуы қалыпты жағдайда болды.
Майшұқыр округі бойынша барлық мемлекеттік және өңірлік бағдарлдамалардың орындалуы мақсатында барлық іс-шараға әкім аппараты қызметкерлері, мектеп ұжымы, ауыл тұрғындарымен бірлесе ат салысуда. Ауыл ақсақалдарыда өз үлестерін қосуда.
Жыл басынан Майшұқыр ауылдық округі бойынша қоғамдық-саяси жағдай тұрақты болды.
Ауылда қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында ауылдық округ инспекторымен бірлесіп, мектептің жоғары сынып оқушылары арасында тәрбие жұмыстары мен әңгіме жүргізіліп отырады.
Елді мекендердің аумақтарын көркейту,көгалдандыру,санитарлық тазалау жөніндегі айлық кезінде 2 ауылда айлық жөнінде жиналыстар өткізілді. Көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық жөнінде әкімдік қызметкерлері, учаскелік инспектор апта сайын 58 ауланың барлығын аралап, хабарламалар таратып отырды. Сонымен қатар, ауылдардағы тұрғындардың күл-қоқыс, мал қиын «Ахметов» шаруа қожалығымен ауыл тұрғындарының келісімдері бойынша жұмыстар атқарылды.
Округ бойынша бұрыннан қалған бұзылған 2 үйдің орны тазартылып, 150 тоннадай қоқыс шығарылды. Мектеп, әкімшілік ғимараттарының маңайы тазартылды. Ауыл округінің кіре беріс, шыға берістегі маңайы, аула, көшелер тазартылып отырады.
Айлық кезінде Майшұқыр ауылының кіре беріс жолы тегістеліп, арам шөптері тазартылып аялдама әктеліп, ауыл аумағындағы зират қорымдар қоқыстары тазартылып отырды.
Ауылда мешіт нысаны бар. Мешіт ауласы жаз айларында әкім аппараты қызметкерлерінің көмегімен тазартылып, ағартылып отырды.
Әрбір бейсенбі күні әкімдік, мектептер, почта, медпункт, мешіт, дүкендер маңында тазалық күні өткізіліп тұрады.
Азаматтарды қабылдау ауыл әкімшілігінде кесте бойынша қабылданады, заңды және жеке тұлғалардан түскен өтініштер уақытымен рәсімделеді.
Салауатты өмір салтын ұстану бойынша ауыл тұрғындары арасынан волейбол, теннис, шахмат т.б. түрлі секциялары ұйымдастырылып, ауылдың орта мектебінің спорт залында кешкі мезгілде спортпен шұғылданады .
Мектеп ұжымы мен оқушылардың қатысуымен әкімдік бірлесе отырып, мейрам күндері кездері әр түрлі іс-шаралар жүргізеді.
Қараша айында мектептің бу қазандығы айырбасталып жаңадан орнатылды.
Ауыл тұрғындары қысқы мал азығын, отындарын жинап алды.
Бюджеттен 2020 жылға бөлінген қаражат жылдың аяғында толығымен игерілді.
Болашақта Елбасымыздың мақсаттары мен міндеттерін назарға ала отырып, елдің болашағы үшін еңбек ету үшін, ағымдағы жылда да халыққа қызмет ету.
Тыңдағандарыңызға рахмет!