«Әкімдердің тұрғындармен есептік кездесуін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында әкімдермен есептік кездесулер өткізілуде. 2020 жыл мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын еліміздің есепті жылы десек қателеспейміз. Осыған орай Қызылсай ауылдық округі бойынша өткен жылғы атқарылған істерді назарларыңызға ұсынамын.
Былтырғы есеп беру кездесуінде екі сұрақ берілді.
1.Каримова А.Г.-Үшсарт негізгі мектебінің мұғалімі. Блок модуль насос станциясынан әр үйге су тартуға бола ма.
Орындалуы: Үшсарт ауылының тұрғындары күніне 2000 литр өндірушімен мембранды тазарту арқылы сумен қамтамасыз етіледі. Өнімділік әр үйді тарату желілері арқылы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
2.Токишев К.-өзін-өзі қамтушы. Мал жайылымы үшін плотинаны жөндеу туралы
Орындалуы: Мал жайылымы мен шабындық үшін плотинаны жөндеу үшін смета жасап, ауыл халқын жинап, демеушлік қаражатпен жөндеу жасау.
Қызылсай ауылдық округі бойынша екі елді мекен 576 тұрғынымен қалыптастырады, округтің орталығы Шалқар ауылы 396 адамымен құрайды, Үшсарт ауылы 180 адам, жұмыс істейтіндер және өзін-өзі қамтушылар -279, зейнеткерлер-59. Барлық аулалар саны - 154, оның ішінде қосалқы шаруашылықпен айналысатындар- 94.
Білім саласында округте 2 білім беретін мектептер жұмыс істейді. Шалқар орта мектебінде 79 оқушы, мектепке дейінгі дайындық сыныбында - 11 бала, «Балбұлақ» шағын орталығында - 26 бала. Үшсарт негізгі мектебінде 37 оқушы, мектепке дейінгі дайындық сыныбында - 4бала.
Сонымен бірге ауылдық кітапхана, пошталық байланыс бөлімшесі, 3 сату орындары, Билайн ұялы байланыс желісі халыққа қызмет көрсетуде.
«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 16 адам қоғамдық жұмысқа қамтылды, соның ішінде 2 адам жұмысқа орналастырылды.
Округте аз қамтылған отбасыларына тағайындалатын және төленетін әлеуметтік атаулы көмекті және мемлекеттік жәрдемақыны алуға келетін отбасыларының материалдық жағдайларын тексеру бойынша комиссия жұмыс істейді. Атаулы әлеуметтік көмек 8 отбасына тағайындалды.
Азаматтық потенциалдың деңгейін көтерудің маңызды бағыты медициналық қызметті көрсетудің қол жетімділігі мен сапасын көтеру, салауатты өмір салтының алға басуы болып табылады. Округ тұрғындарына дәрігерлік амбулаторияның медбикесі қызмет көрсетеді. Жедел жәрдем көлігі бар. Есепте тұрған адамдар кепілденген тегін дәрі-дәрмектерді алады. Жыл сайын скринингтік тексерістер өтеді.
Мәдениет саласы бойынша карантиндік шаралар өтуіне байланысты мерекелік шаралар өткен жоқ. Сыбайлас жемқорлық, нашақорлыққа, діни ағымдарға қарсы дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
Жыл сайын қарттар айлығында қарттар мен мүгедектерді қолдау бойынша айлық өткізіледі. «АФ Сапагрейн» ЖШС басшысы Жузбаев Далел және «Агро Көбетей» ЖШС басшысы Токанов Шамшиденнің, округтегі шаруа қожалықтырының демеушілігімен Шалқар ауылы мен Үшсарт ауылы қарттарына қайырымдылық көмек ұйымдастырылды. Мүмкіншілігі шектеулі азаматтарға әкімшілік атынан азық-түлік пакеті үлестірілді.
Одан басқа Шалқар ауылында ауылдық кітапхана жұмыс істейді, кітап қоры- 7390 данаға жаңартылды , Үшсарт ауылының кітапхана қоры- 3340 дана.
Ауылдық окргте спортты дамытуда спорт әдіскері Малдыбай Мәди жұмыс істейді. Мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдерімен бірлесіп салауатты өмір салтын насихаттау барысында, ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектептің спорт залында спорттық ойындар волейбол, үстел теннисі ойындары ұйымдастырылып, жастармен әр-түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Қысқы уақытта әр апта сайын ұлттық көкпар ойнымен шұғылданады. Ауылымыздың іс-шараларына барлық жастағы тұрғындар қатысады.
Округтегі жердің ауданы -126900 гектар, оның ішінде ауылды аймақ жері - 9436 гектар, ауылшаруашылық жері-116059 гектар, оның ішінде егістік - 39095, шабындық- 2008, жайылымдық- 74956 гектарды құрайды. Бүгінгі күні округ бойынша ауыл шаруашылық өндірісімен 6 шаруашылық ұжымдары айналысады. Барлық егілген дәнді дақылдар 16500 гектар, көп жылдық шөптер 1708 гектар. 13 кәсіпкер , 14 жеке шаруашылық тіркелді.
2020 жылы тіркелген ауылшаруашылық техникалары: комбайн-4 трактор- 2.
Жеке шаруашылықтағы мал саны ІҚМ-500 бас, қой-377 бас, жылқы- 1011 бас. Округтегі жеке меншік нысандары бойынша ІҚМ-1167 бас, Қой-1825 бас, жылқы-1108 бас, құс-1590 бас. 2019 жылмен салыстырғанда ІҚМ 227 басқа артты, қой 237 басқа артты, жылқы 286 басқа артты. Мал дәрігерлік шаралар атқарылды. Қан алу жұмыстары жүргізілді. Бруцеллезге шыққан малдар өткізілді.
Жыл сайын ауылдық округтің елді мекендерін көркейту бойынша жұмыстар өткізілуде. Көктемгі және күзгі көгалдандыру және абаттандыру айлығы бойынша әр аптаның бейсенбі күні тазалық күні болып бекітілді. Тазалық бойынша ұйымдастырылған сенбілікке ауыл тұрғындары, мектеп ұжымы, оқушылар, медицина жұмыскерлері, әкімшілік жұмыскерлері түгелдей жұмылдырылды. Ауыл көшелерін, Шалқар ауылы 10 шақырым жол бойын, Үшсарт ауылы 3 шақырым, көл маңайы, дүкендер мен тұрғын үйлер аулаларын тазарту, тал түптерін түптеу , әктеу т.б. жұмыстар жүргізілді, Шалқар ауылында 100 түп тал егілді. Жол белгілері жөнделіп, жол шетіндегі шөптер қырқылды. Округ бойынша мамыр айында Шалқар және Үшсарт ауылдарынан Өрлеу МКМ ,«Айзия» жеке кәсіпкерімен және «Аян» шаруа қожалығымен келісіп, 300 рейс, 8000 тонна қоқыс шығарылды.
Жергілікті салықтар бойынша 2020 жылы мүлік салығы 42600 тенге, жер салығы 111000 тенге, көлік салығы 957700 тенге , заңды тұлғалардан түскен салық-152000 теңге, жиыны 1 млн 263500 тенгеге құрайды, яғни бұл 111% орындалды. Ауыл тұрғындарын ауыз су Өрлеу МКМ арқылы су таситын көлікпен әр дүйсенбі және сейсенбі күні тасылады, бағасы литрына 1,5 теңге.
Ауылдық округте өткізілетін жұмыстың негізгі мақсаты тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, өмір деңгейін көтеру болып табылады. Сол мақсаттарға жету үшін тұрғындардың, барлық жеке меншік нысаны өкілдері бар күштерін салулары қажет. Кәсіпкерлікті дамытуды, мал өндірісін дамытуды, мемлекеттік бағдарламаларды дамытуды қолдау бойынша жұмыстар жалғастырылады, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, қайта даярлау бойынша біліктілікті көтеру, кәсіптік оқыту, жастар тәжірибесі бойынша бағдарламалар назарда болады. Бұл шаралар біздің азаматтардың өмір деңгейін сақтайды және жақсартады.
2021 жылға қойылған міндеттер: