Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Б. Ш. Байкадамовтың «2020 жылғы атқарылған жұмыстар туралы және 2021 жылға арналған міндеттер туралы» ЕСЕБІ

 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығын iске асыру мақсатында барлық деңгейдегi әкiмдер тұрғындар алдында есептi кездесу барысында елдегi реформаларды жүзеге асыру, мемлекеттiк және аймақтық бағдарламаларды iске асыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықпен күрес бойынша қабылданған шаралар, есептi кезеңде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы, мiндеттерi мен оларды одан әрi дамытудың негiзгi бағыттары туралы хабардар етiледi.

2020 жылғы Қорғалжын ауылдық округiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы жәнеәкiмнiң ағымдағы 2020 жылға арналған iс-қимыл бағдарламасы мен жақын арадағы перспективаға арналған жұмысы туралы баяндауға рұқсат етiңiздер.

Қорғалжын ауылдық округіне Қорғалжын, Абай елді мекендері кіреді. Округ бойынша жалпы халық саны 4319 адамды құрайды, тұрғын үйлер саны – 1125.  Оның ішінде Қорғалжын ауылында адам саны - 4258, тұрғын үй – 1096, Абай ауылында – 54 адам, 29 тұрғын үй орналасқан. Барлык тіркелген үйлер электр жүйесі және телефон байланысымен толық   қамтылған,  интернет жүйесі қосылып,  Отау ТВ өз қызметін атқаруда. Ауыз су орталықтандырылған. Жалпы ауылдық округ тұрақты әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық -саяси жағдайды сақтайды.

Ауыл шаруашылығы

Экономиканы тұрақты дамытудың негiзгi бағыттарының бiрi агроөнеркәсiптiк кешен болып табылады.2020 жылдың 1 қаңтарына округте 4 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 3 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі және 41 шаруа қожалығы жұмыс iстейдi.

Қорғалжын  ауыл  округінің жалпы  аумағы - 89739 га құрады,  оның  ішінде  жайылым - 46962 га,  егістік  жерлер - 29136 га,  елді  мекен  жерлері -14780 га құрайды. Округте  желтоқсан  айында  өткізілген  санақ  бойынша  жеке  меншікте ІҚМ  саны - 3124 бас,  жылқы саны - 1175,  қой, ешкі – 5959 бас, 3129   бас құс.Ауыл шаруашылық құрылымдарында ІҚМ– 1104 бас,  жылқы –747 бас,  қой, ешкі- 1546 басты құрады. 

Селекциялық жұмыстарға 9шаруашылық қатысып, 1637 аналық мал басына,57 аталық асыл тұқымды  бұқалармен  тұқым жақсарту жұмыстары жүргізіліп, 12 млн 480 мың теңге субсидия алынды. Сонымен қатар  мал бордақылау аланына 420 бас  бұқашық өткізіліп жоспар 182% орындалды. Мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Құралай МК» ЖШС – 40 млн. тенге алып 100 бас асыл тұқымды Әулиекөл малдарын сатып алды және «Туғанбек» шаруа қожалығы 10 млн. тенге көлемінде несие алып, 240 бас қой малын сатып алды.«Балтабеков и К» ЖШС 100 млн теңге несие алып, жылқы басын сатып алды.

Ауданның жетекшi саласы өсiмдiк шаруашылығы болып табылады.  Осы жылы 9684 га егін алқабынан  5357 тонна астық  жиналды. Егін жинау жұмыстары 20 күн ішінде аяқталды. Округ бойынша ауыл шаруашылық құрылымдарымен және тұрғындарымен 21 682 тонна шөп дайындалды. Ағымдағы жылы «Құралай МК» ЖШС мен жаңа ауыл шаруашылық техникалары  алынды олар: 1 комбайн «Вектор», 1 трактор МТЗ – 80, 1 шөп шабатын жатка.

 

Кәсiпкерлiк

Қорғалжын ауылдық округiнде бүгiнгi күнге 73 шағын бизнес жұмыс iстейдi, оның ішінде 9 тамақтандыру орталығы, 41 азық түлік дүкендері, 1 наубайхана, 4 шаштараз, 2 сән салоны, 2 дөнгелек жөндеу орны, 3 жанар жағар май станциясы, 1 тігін цехы, 6 қонақ үй.2020 жылы Нұрай» шағын маркеті бизнес-нысаны ашылды. Қорғалжын ауылдық округі бойынша  2020 жылыгранд: 7 адам 3 млн. 711 мың 400 теңгені құрады (әр адамға 530 200тг соммасында), 5 адам2 млн 753 мың теңге (әр адамға 550 600 тг соммасында) және9 адам кредиттік желі бойынша29 млн147 мың тенгегеауыл шаруашылығын дамытуға несие алды. Шағын кәсiпкерлiктi дамытуүшiн, қолайлы жағдайлар жасау, кәсiпкерлiктi қолдау ауылдық округтiң басты мiндеттерiнiң бiрi болып қалады.

Халықты әлеуметтiк қорғау

Барлық билiк құрылымдарының жұмысының маңызды басымдықтары халықты әлеуметтiк қорғау болып табылады.Қорғалжын  ауыл округі  бойынша 938 зейнеткер бар. Олардын  зейнетақысы  мемлекеттік  және зейнетақы  жинау  қорынан «Казпошта»  арқылы  таратылады. 

Ақылы қоғамдық жұмыстарға22 жұмыссыз азамат қатысты, оның iшiнде 3-ші топтағы 1 мүгедек адам.

Қазiргi уақытта Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту Орталығында ресми тiркелген жұмыссыздар саны 120 адамды құрады.

Еңбек нарығында талап етiлетiн мамандықтар бойынша жұмыскерлердiң қысқа мерзiмдi кәсiби даярлығын 93 адам өттi, олар: от жағушы, аспаздар, шаштараздар, трактор жүргізушілері, дәнекерлеуші, электриктер болып табылды.

Жұмыссыздар мен өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар арасында «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту өттi және 55 адам сертификат алды.

2020 жылдың қазан бойынша Ақмола облысы, Қорғалжын ауылдық округі бойынша қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айында, келесідей көмек көрсетілді, «Жер 888» ЖШС  Медеубаев Абай - 30 зейнеткерге жем таратылып, әр зейнеткерге 3 қап жемнен берілді 1 қап жем 700 тг құрайды, жалпы сомма 63 000 тг құрады. Ш/Қ «Туғанбек»,  және Ш/Қ «Әділхан» - 2 мүгедек адамға қой сойып берді, 1 қой бағасы 30 000 тг, жалпы сомма 60 000 тг құрады. Қорғалжын ауылдық округінің мамандарының атынан - 2 мүгедек балаға керекті азық-түлік ретінде көмек көрсетіліп, әр керекті азық-түлігі бар пакет 8 000 тг құрады, жалпы сомма 16 000 тг құрады. «Бекмагамбетов» ЖК, «Мухамеджанов» ЖК, «Улан» ЖК - 3 зейнеткер адамға көмір берілді, көмір бағасы 16 000 тг құрады, жалпы соммасы 48 000 тг.Панченко С. Камаз жүргізушісі – 1 топтағы мүгедек адамға 1 тонна көмір берді, 1 тонна көмір бағасы 16 000тг құрайды.

Ш/Қ «Курманалиев» және Ш/Қ «Томи» - 2 топтағы мүгедек адамға 1 арба мал азығы шөппен қамтамасыз етті, 1 арба шөп бағасы 30 000 тг, жалпы сомма 60 000 тг құрады. «Жулдыз» ЖК – жалғыз басты қарт анаға керекті азық-түлік ретінде көмек көрсетті, керекті азық-түлігі бар пакет 17 000 тг құрады. «Куралай МК» ЖШС – 2 топтағы мүгедек адамға бидай берілді, бидай бағасы 14 000 тг құрады.Жеке кәсіпкер Оралбеков Ерлан – бала кезден мүгедек адамға және жағдайы төмен Бекишева Алмаға 1 тонна көмір берілді. Көмір бағасы 16 000 тг, жалпы сомма 32 000 тг құрады.

 

COVID-19 індеті кезінде аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіліп, қол ұшы берілді. Осыған бацланысты, #BizBirgemiz бағдарламасы аясында аз қамтылған отбасыларға, көп балалы аналарға керекті азық түлік ретінде көмек көрсетілді жәнеде тағы да осындай көмекті Қорғалжын аудандық мешіті, Балтабеков Ардақ, Шамшиденов Жанат мырзалар көрсетті. Осы COVID-19 індеті кезінде Қорғалжын ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Нұргүль Қуанышқызы Асаинова көп балалы отбасыларға дәрі дәрмекпен көмек көрсетті.

Абаттандыру және көгәлдандыру жұмыстары

Қорғалжын ауылдық округінде  аббаттандыру, көгәлдандыру және санитарлық тазалық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша бояндауға рұқсат етіңіздер. Көктемгі және күзгі тазалық  айлықтарын өткізу туралы аудан әкімінің қаулысын орындау мақсатында, ауылдық  округі тарапынан іс-шаралар жоспары әзірленді. Іс- шараға сәйкес  аббаттандыру, көгәлдандыру және санитарлық тазалық бойынша халық арасында  4 жиын өткізіліп,  таза бейсенбіліктер, сенбіліктер ұйымдастырылды. Округ аумағында аббаттандыру, көгәлдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары көктемгі, күзгі мерзімдермен шектелмей үнемі жүргізілді. Күнделікті қоғамдық жұмыскерлермен ауылды қоқыстан тазартылды. Апта сайын Қорғалжын ауылы аумағында сенбіліктер өткізілді, онда мекеме ұжымдары өздерінің ғимарат аулалырын және белгіленген участкілерде тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар ауылдын тазалық жұмыстарына ауыл жастары белсене ат салысты. Олардын қатысуымен облыстық манызы бар айналмалы жол бойында,  «Дударай» стелласынан бастап ескі МАИ бекетіне дейіңгі жол бойы, «Бытығай» этно-ауылының  аумағы және Біртабан көлінің жаға жайы, Қорғалжын – Баршын бағытындағы тас жол маңайы, Ш. Аубакиров көшесіндегі бұрынғы «Юбилейнии» паркі  қоқыстардан тазартылды. «Дударай» стелласының қоршауы және орындықтар сырланды және Рахымжан Мадин көшесі бойындағы жаңа бетонды қоршаулар жөнделіп, 6 500 000 теңге сомманы кұрады. Жалпы көктемгі мерзімде арықтар тазаланып ауыл бойынша  жеке меншік тұрғын үйлер күл қоқысын, мал қиын шығаруға 5 механикалық отряд ұйымдастырылды. Қыс мерзімінде үнемі қар шығарылып тазартылып отырады. Округ көлемінең 7500 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтармен күл қоқыстар шығарылды. Ауыл жанындағы қатты тұрмыстық қалдықтармен күл қоқыстар полигонының аумағы жиналып  ретке келтірілді. Ауылда 150 погонды метр ағаш шартақтары сырланып, 100 дана бетон қоршаулары және 1050 метр бардюр әктелді, сонымен қатар 7 аялдамағада сырлау, әктеу және орындықтарын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлығы 48 дана гүлзарлар әктеліп, сырланды, Көктемгі мерзімде көше бойындағы, ғимарат алдындағы гүлзарлаға, «Дударай» стелласына және «Саябаққа» 2 000  дана гүл отырғызылды.  Ағымдағы жылдын шілде, тамыз айларында Біртабан жағажайы ашылды, сонымен қатар Тәуелсіздік көшесіне асфальт, Ә. Молдағұлова көшесіне дресва төселіп тегістелді. М.Жұмабаев көшесін ауылдын басты бөлігімен жалғайтын көктемгі су тасқыны болған кезде шайылып қалған шағын көпірге қатты тұрмыстық қалдықтар, құм төселіп тегістелді, көпір қоршаулары сырланды. Х.Болғанбаев көшесіндегі саябақтағы қоршаулар жөнделіп ағаштары кесілді. Ә.Шабатов алаңы екі жағын жауып қоршаулар орнатылды.

Қорғалжын ауылдық округіне  93 жол белгілері және үй нөмірлерінің тақтайшасы орнатылды.

Ауыл жолдарын, алаңдары мен басқа да қоғамдық аумақтарын санитарлық тазалауға 5-арнайы техника мен 3 жұмысшы жұмылдырылды. 1024 рейс қар шығарылып, 4 млн теңге сомманы құрады.
Бірінші кезекте ереже бойынша, кептеліс болмауы үшін, қозғалысы өте көп жерлер тазартылады,одан әрі орташа қозғалыс учаскелері, алаңдары  қардан тазартылды. Көлік қозғалысы үшін ең қауіпті көшелердің учаскелері - өр және еңіс жолдар, көше қиылыстары.

Құрметті жерлестер атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан округ көлеменде әліде шешімін таппаған сұрақтар көп. Ен  манызды мәселе ол бағусыз ауыл ішінде жүрген мал. Округ бойынша жеке тұрғын үйлер иелерімен күл қоқыстарын және мал қиларын 100 пайз шығарылуы, кәзіргі танда 500 үйге ескертулер берілді.

Бiлiм

Білім саласы бойынша ауылдық округте бір Агротехникалық колледж – 122 студент, екі балабақша – 220 тәрбиеленуші, екi мектеп жұмыс iстейдi, олар: Қорғалжын мектеп гимназиясы және А.Төлеубаев атындағы орта мектеп. Мектеп қабырғасындағы балалардың саны — 883 оқушы құрады. Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде 169ұстаз жұмыс жасайды.

Құқық тәртiбi

Жыл  басынан ішкі істер бөлімінің тарапынан 531 әкімшілік хаттама толтырылған, ал 2019жылы 525әкімшілік хаттама толтырылған болатын. Профилактикалық есепте барлық есеп бойынша 65 маскүнем тіркелген.

2021 жылға Басым мiндеттер

- Елбасының Жолдауын жүзеге асыру үшiн ауылдық округтiң одан әрi әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасады;

- Ауылдық жерлерде шағын және орта бизнестiң одан әрi дамуын қолдау, кәсiпкерлiктi несиелендiруге көмектесу.

- Бизнестiң әлеуметтiк бағыттылығы бойынша жұмысын жалғастыру, осы мақсатта барлық жеке компаниялармен және iрi шаруа қожалықтарымен келiсiмшарттар жасалады;

- округiмiздiң ауылдарын абаттандыру және санитария бойынша жұмыстар жалғастырылады

- Iшкi жолдарды жөндеу және көшелердi жарықтандыру жұмыстары жалғастырылады.

Назарларыңызғарахмет!

 

Дата публикации
18 января 2021