Кеңбидайық ауылында 2020 жылдың аяғына өткізілген санақ бойынша, 128 үй, оның 102 адам толық тұрады, 26 үйде адам тұрмайды, оның 17 бос үйлер, 9 үй жартылай сынған.
1 кафе, 2 азық-түлік дүкені жұмыс жасауда.
Соңғы санақ бойынша халық саны 392, оның ішінде 18 жастан жоғары -268 адам, 18 жасқа толмағандар саны-125 адамды құрады. 2020 жылы 9 нәресте дүниге келді.
Мал саны жеке тұлғалардың: ірі қарамал-528, ұсақ мал-808, жылқы-462 болып тұр.
Салық
Кеңбидайық ауылдық округінің кірістер бөлігі 14 076,0 мың теңге болды, нақтыланған бюджеттен 600,0 мың теңгеге азайтылды, оның ішінде:
«Трансферттердің түсімдері» санаты бойынша, оның ішінде 4.2.3 коды бойынша «Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер 600,0мың.теңгеге азайтылды.
600,0 мың теңге –аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер азайтылды.
– Ауылда қуанатын жағдайлар, жетістіктер бар. Ұялы байланыс мәселелер шешіліп жатыр. Әкімшілік маңы абаттандырылды, әкімшілік маңындағы ескерткіштің 2021 жылы күрделі жөндеуі жоспарлануда. Жалпы, атқарылған жұмыстар көңілге қонады. Алдымызда ауқымды мақсаттар тұр. Енді мектептің қасындағы футбол алаңын қалыпына келтіру жоспарлануда. Жалпы, ауылда инфрақұрылым, қоғамдық көлік, жер саласы және спорт кешендерін мәселелері ой толғандырып тұр. Бұл мәселелер кезең-кезеңімен шешіледі.
Мектеп мәселесіне келетін болсақ:
Ауылда бір орта мектеп орналасқан орысша-қазақша тілде оқытылады. Мектеп жағдайына тоқталатын болсақ. Мектепке демеушілік көмектер берілуде, соның арқасында мектептің ақпарат беретін құрылғылары жаңартылуда, мұғалімдер мен оқушыларға жеке пайдалануына ноудбуктар үлестірілді, ғаламтор жүйесі қалпына келтіріліді.
Ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша. Ауыл мектебінде 2020 жылы аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 46 бала бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Қамту үлесі 100%.
Ауыз сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі. Ауылда су мәселесі қалпына келтірілід кәріс жүйесі үзіліссіз жұмысжасауда, колонкадан келген суды ауыл тұрғындары өз қаражатымен, жеке меншік үйлеріне енгізді сщетчик қойылды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы. 2020 жылы көтерме жәрдемақы алу үшін 1 маман келді ауылдың жаңа келген медбикесі Талиппаева М.Е. мемлекет тарапынан көмек алды.
Жұмыспен қамту. Еліміздегі жұмыссыздықты жою мақсатында жүзеге асырылып жатқан бағдарламаның шарапатын ауыл халқы көруде. Жыл көлемінде шағын және орта бизнес саласында 30-35 тен астам жұмыс орны ашылып, жұмыспен қамтылды. Кеңбидай-Астық ЖШС-тігі ауыл тұрғындарын жұмыс орындарымне қамтамасыз етуде
Қар шығару:
2020 жылдың қаңтар айынан бастап сәуір айлары аралықтарында ауыл жолдарын қардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Қар тазалау науқаны кезінде көп көмек берген ауылдың маңында орналасқан «Кеңбидай-Астық» ЖШС-тігі. Осы кісілердің көмегімен 3,500 куб қар шығарылды.
2020 жылдың наурыз айында елімізге қиын сынақтар келіп түсті COVID-19 індетіне байланысты елімізде карантин шаралары басталды. Басымызға туған ол қиыншылықтарға да бейімделдік.
2020 жылдың екінші жарты жылдығы да біраз жақсылықтармен аяқталды десекте болады.
ЖК Н.А. Сабиевтің ауылға біраз еңбегі сіңді ауыл тұрғындары қысы-жазы жұмыспен қамтылды. Ауыл мешітіне күрделі жөндеу өткізді. Ауылдың зейнеткерлері 10 отбасына 20000 тенге көлемінде шөп таратылды. «Мектепке жол» акциясына қатысып Абдыкалыковатар отбасының оқушысын мектепке толық дайындады.
«Кеңбидай-Астық» ЖШС-тігі ауыл тұрғындарына, ауылдың өзіне біраз көмектерін берді. ЖШС тігіне зор алғысымызды білдіреміз.
Ауылда жұмыс барысында жүргізілген жұмыстардың барлығы әлеуметтік желіге салынуда. Карантиндік шараларға байланысты рейттер жүргізілді, әр ауланы аралап халыққа сайлаудың карантин кезінде өту барысы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жалпы, 2020 жыл ауыл тұрғындарына жаман өтпеді деген оймен, оң баға беріп, жаңа жылда жаңа жетістіктерге жетсек деген тілекпен, сенімін білдірдім. Біріге көтерген жүк жеңіл- дегендей, менің басшылығыммен сіздердің қолдауларыңызбен әліде біраз жетістіктерге жетеміз деген үміттеміз.