Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беру жиналыстары басталып жатыр. Бүгін Қарашалғын ауылдық округі бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебімді ұсынуға рұқсат етіңіздер.
Қарашалғын ауылдық округінде үш елді мекен бар: олар Жантеке, Қарғалы және Ұялы ауылдары. Халық саны 1036 адамды құрайды. Қазіргі таңда ауылдық округте екі мектеп бар, Қызылту орта мектебі және Ұялы негізгі мектептері жұмыс атқарады,Қызылту орта мектебінде 36 мұғалім, 171 оқушы бар, Ұялы негізгі мектебінде 18 мұғалім, 36 оқушы бар. Мектептер білім беру талаптарына сай жабдықталған, мұғалімдермен толық қамтылған, тек Ұялы мектебінде төрт мұғалім келіп кетіп жұмыс жасайды. Екі мектепте миницентр жұмыс жасайды, Қызылту орта мектебінде 17 бала, Ұялы негізгі мектебінде 9 бала тәрбиеленеді.
Медицина саласы бойынша айта кетсек үш елді мекенге де халық санының аздығына байланыстыЖантеке ауылындағы медбике қызмет көрсетеді.
Елді мекендердің үшеуі де электр энергисымен және ауыз сумен толық қамтылған, Жантеке, Қарғалы ауылдары Ақмола су арнасы арқылы қамтылса, Ұялы ауылы модульдік су тазарту станциясы арқылы қамтылған, осы жерде бір айта кететін жағдай, Ұялы аулындағы су тазарту станциясының сүзгіштерін(фильтр) уақытында айырбастап отырса екен деген Ұялы ауылы тұрғындарының сұранысын осы жерде айтып кетуді жөн көріп отырмын.
Өрлеу мекемесінің басшысы Ж.А.Оралбеков Ұялы халқымен кездесіп, 2021 жылдан бастап су тазарту станциясының сүзгіштерін(фильтр) уақытында айырбастап отыруға уәде берді.
Қарғалы, Ұылы ауылдарының жолдар бойынша, қаншама жыл бойы айтылып келе жатқан, балансқа қою туралы, ауыл тұрғындарының сұраныстары 2020 жылдынқазан айында онлайн сот арқылы қаралып, жергілікті атқарушы органнын құзырында деп, жолды иесіз деп тану бойынша берілген өтініш кері қайтарылған..
Учаскелік полиция инспектор Аскаров Н.Т., өз жұмыстарын атқарып жатыр, жанұясымен Жантеке ауылында тұрады.
Ауылдық округ бойынша Қазақтелеком телефон байланысымен және интернет желісімен қамтамасыз етеді, бірақ әлі де интернеттің жылдамдығына халықтын наразылығы бар.«Отау ТВ» - отандық спутниктік теледидар тарату желісіне де толық қосылған.
Электр жүйелері арқылы барлық ауылдарда қамтылған, биылғы жылы «АРЭК» компаниясы екі ауылдың электр тарату жүйелерін жөндеуден өткізіп қысқа дайындығын аяқтады.
Жаз айларында мал бағу туралы: Жантеке ауылынан үш табын ірі қара мал, бір табын жылқы бағылады, Қарғалы және Ұялы ауылдарында ірі қара мал кезекпен бағылады және үш табын жылқы малы бағылады.
Қазіргі карантиндік жағдайға байланысты, тек жасөспірімдерге дзюдо секциясы өз жұмысын атқарып тұр. Карантиндік жағдай тоқтаған жағдайда - Спорт және халықтың денешынықтырумен айналысуы үшін Қызылту орта мектебінің спорттық залында әр түрлі спорттық секциялар жұмыс атқарады, ауыл тұрғындары үшін тренажер залы жұмыс істеп тұр,ауылдың спорт методисі жүргізеді.
Қазақ халқының ұлы ойшылы дана Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Жантеке ауылы Қызылту орта мектебінде «Абай әлемі» клубының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Осы игі бастама Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келді. «Абай әлемі» клубының мақсаты ұлы Абайдың ғибрат сөздерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу және дарынды да , талантты оқушыларды шығармашылыққа бейімдеу болып саналады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 14 желтоқсан күні Қарашалғын ауылдық округінің Жантеке ауылдық кітапханасына «модельдік кітапхана» статусын беру салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Жантеке ауылының кітапханасы ауыл әкімшілігі ғимаратының бір бөлігінде орналасқан, 2 компьютермен жабдықталып, интернет жүйесіне қосылған оның ішінде 1-еуі оқырмандарға қолдануға арналған. Телефон, Отау ТВ, теледидармен қамтылған. Оқырмандардың бос уақытын өткізу мақсатында шахмат, шашки, тоғыз құмалақ, доминомен жабдықталған.
Елді мекендерді абаттандыру бойынша көктем және күз айларында айлық өткізіліп ауылдар тазаланып тұрады, бұл жұмыстарды атқаруға ауылдағы механикалындырылған екі топ және аудандық «Өрлеу» мекемесімен атқарылады
Елімізде болып жатқан пандемиялық жағдайда ауылымыздың ел азаматтарының қаржылай қолдауымен ғана емес өздерінің қолдарымен атқарған жұмыстары.Еліміздің ат салысқан патриоттарына алғысымыз шексіз.
Биыл ауылдық округіміздегі барлық егін шаруашылығымен айналысатын шаруашылық құрылымдары егін себу мен жинау науқандарын ойдағыдай өткізіп, мол өнім алды, олар «Ақжол 2030» ЖШС, Тыңғылықты ЖШС, «Қызыл Су-1» ЖШС, «Агрофирма Жер 888» ЖШС. Олардан шаруа қожалықтары да қалысқан жоқ, жақсы жетістіктерге жетті.
Ауылымызда жұмыс атқарып жатқан ЖШС, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер ауылымыздың көркейуіне жақсы көмектерін көрсетіп отырады. Сонымен қатар ауылымызда жұмыспен қамту, ардагерлерге көмек және мүгедек , жалғызбасты адамдарға да әр уақытта өз көмектерін аямай көрсетіп отырады.
Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап ауылдық округімізге өзінің бюджеті берілді, сол бюджетті толтыру және салық жинау жұмыстарын дұрыс жүргізуіміз қажет, ал түскен қаражатты тек қана ауылдық округтің жергілікті қоғамдастығымен келісіп қана жұмсалатыны туралы айтып кеткім келіп тұр. Алдағы жылда көптеген жұмыстарымыз күтіп тұр: ол саябақтың ішіне тал отырғызу, ауыл көшелерінің жарықтандырумен айналысу, ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу тағы басқа да ағымдағы жұмыстар бар, барлық жұмыстарды абыроймен атқарып өз елді мекендерімізді көркейтуге барынша ат салысамыз.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!