«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлардың халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында 2021 жылғы каңтарда ауылдық округ әкімдерінің округ тұрғындары алдындағы есебі өткізілуде.
Барлық деңгейдегі әкімдердің халыкпен жүздесуі және атқарылған істерге есеп беруі олардың шешу жолдарын қарастырып, алдағы уақытта жоспарлау - басты міндетіміз.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында. Барлық қазақстандықтарды жұмысқа тарту, оқыту және жұмысқа орналастыру, кәсіпкерліктерді дамыту, қол жетімді баспана, жас отбасыларды жеке баспанамен қамтамасыз етуге тиіспіз - деп көрсетті. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, сот, құқық қорғау жүйесін жаңғырту және т.б. айтылғандарды орындауға міндеттіміз. Осы мақсатты іске асыру барлығымыздың міндетіміз деп ойлаймын.
Арықты ауылдық округінің әкімі аппараты жасаған жоспарын басшылыққа ала отырып, төмендегідей атқарған жұмыстарға бүгін сіздермен өзімнің бір жылдық есебімді бергелі отырмын.
Арықты ауылдық округіне 2 елді мекен карайды. Арықты және Садырбай ауылдары. Тұратын халық саны Арықты -848 адам, Садырбай – 102 адам, барлығы 950 адам.
Округтегi жетекшi саланың бiрi - ауыл шаруашылығы. Арықты ауылдық округiнде 3 ЖШС қызмет атқарады: «Арықты», «Мирас-2000», «АКА» және 22 шаруа қожалықтары бар.
Жалпы округ бойынша 2 мектеп жұмыс iстейдi. Арықты орта мектебінде 169 оқушыға 37 ұстаз дәріс береді. Садырбай бастауыш мектебінде 10 оқушыға 2 ұстаз дәріс береді.
Арықты орта мектеп жанында «Балапан» шағын орталығы жұмыс жасауда. Жалпы 45 бала тәрбиеленуде.
8 дүкен халыққа қажетті тауарлармен қамтамасызщ етіп, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етуде.
Сондай-ақ ауылымызда байланыс жүйесі сапалы жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта 189 үйде байланыс нүктесі жұмыс істеп тұр.
Арықты ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік мекемесінде іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Округ аумағындағы барлық іс- шаралар жүзеге асырылып жатыр.
Ауыл азаматтарынан 2020 жылы барлығы - 8 өтініш түсті үй құжаттарын заңдастыру туралы.
Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмекті алушылар 10 отбасы, соның ішінде 48 балаға, АӘК бойынша, жәрдемақы төленеді.
Әскери міндеттілерді есепке алып, шығару, қарулы күштер қатарына шақырылғандарды, әскери комиссариатқа жеткізу бойынша, жыл бойы есеп беріліп отырады. 87 - адам әскери есепке алынды, 1 - адам әскери міндетін атқаруда, 3 -адам әскери міндетін атқарып келді.
Ауылдық округінде – ірі қара малдың саны- 753 бас, жылқы – 595 бас, қой-ешкі – 1597 бас.
Белгіленген күнтізбе бойынша тұрғылықты халықтың саны мен олардың меншігіндегі мал мен құс және техникасының есебі алынып, ұй шаруашылық кітаптарына енгізіліп, электрондық базаға тіркелініп отырылады.
Арықты ауылында осы бір жылдың ішінде көптеген жұмыстар атқарылды: Арықты ауылдық округінде кәсіпорындардың аумақтары, ауыл көшелері, мекеме ғимараттары, орталық аланы, су басуына жол бермеу мақсатында, қардан тазартылды және жол бойында орналасқан су ағарларды қардан тазартылды.
Желтоқсан - наурыз аралығында ЖШС «Арықты» -мен келісім шартқа отырып, ауылдың көшелері қардан тазартылды.
03-09 наурыз күндері аралығында 246 рейс «Хово» жүк көлігімен қар шығарылды. Барлық шығарылған қар -5658 м.куб. құрайды.
Республика көлемінде қолға алынған «Біз біргеміз» қайырымдылық
іс-шарасы аясында, жағдайлары төмен, көп балалы отбасыларына және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үй маңайының кары шығарылды. Ауылымыздың зейнеткерлеріне, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, көп балалы отбасына тегін бет-перде, әлеуметтік пакеттер таратылды. Сондай-ақ, Садырбай ауылының намазханасының жиналған қаражат қорынан мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік пакеттер таратылды. Осы акцияны қолдап, демеушілік көрсеткен ауылымыздың белсенді азаматтарына және басқарып отырған мекеме басшыларына рахметімді айтамын.
Осы індет кезінде Арықты ауылдық округінің азаматтары, Алланың разылығы үшін, құрбандыққа қара мал сойып азқамтылған 26 отбасына етті таратты. Сонымен қатар Нұр–Сұлтан қаласының жеті азаматы, айыт уақытында, жағдайы төмен мұқтаж азаматтарға екі қара мал сойып 40 отбасына етті таратылды.
Көктемгі айлық жүргізу барысында ауыл тұрғындарына көркейту және көгалдандыру жөнінде 180 дана хабарлама таратылды. Әр азамат өз үйінің маңайын қоқыстардан тазарту керектігін ескерттік.
Ауылымызда әр апта сайын санитарлық жұмыстар жүргізіледі. Орталық аланындағы және көше бойында өсіп кеткен, қураған ағаштардың
тал-бұтақтары кесіліп, ретке келтірілді және гүлзарлар қоршалып, ақталып, гүлдер егілді. Сонымен қатар, ауылдың ішіндегі қираған тас шарбақтар ауыстырылып, тіреулер түзетіп қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Ауылдың ішіндегі орталық көшедегі тас жолдарды, ағымдағы жөндеуден өткізу үшін аудандық экономика және қаржы бөліміне жоба–сметалық құжаттар дайындауға, қаржы бөлуге сұраныс жолданды.
Жақан Төлеубаев көшесіне жарықтандыру шамдарын орнатуға жоба-сметалық құжаттар сараптамасымен жасауға аудандық экономика және қаржы бөліміне сұраныс ұсынылды. «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша аудандық экономика және қаржы бөліміне үйлерге арналған тақтайшаларға сұраныс жолданып әр үйге және ғимараттарға тақтайшылар орнатылды. Атқарылған жұмыстар интернет желілеріне үнемі салынады.
Көркейту, көгалдандыру, санитарлық тазалау жөніндегі маусым айында 8 750 тонна күл-қоқыс сыртқа тасылып, арнайы полигонга шығарылды. Соның ішінде, ауыл тұрғындары өздерінің қаражатына 6000 тонна шығарды. Шаруа қожалықтар -250 тонна және келісім шарт бойынша ЖШС «Гермес Груп» -2 500 тонна шығарды. Садырбай ауылының ішіндегі күл-қоқысты жылда ЖШС «Мирас -2000» тегін шығарып тұрады және осы жаз айында ауылға кіреберіс жолдарына дресва төгіп тегістеді.
Сонымен қатар, ауыл ішіндегі жолдарына Жамбыл Жабаев көшесі, Абай Құнанбаев және Тәуелсіздік көшелеріне «Хоvо» жүк көлігімен 50 рейс құм төгіліп, тегістелді.
Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген - 12 адам. Ауыл шаруашылығы саласында тұрақты жұмысқа орналастырылды 4 азамат және қоғамдық жұмысқа орналасты 7 азамат. Олар ауыл көшелерін, және сыртын күнделікті қоқыстардан тазартып, ғимараттын алдындағы бордюрлерді ақтеліп, жұмыс жүргізілді.
Нұр-Сұлтан қаласынан ауылға кіреберіс жол бойына маусым айында баннер жаңартылып, ауыстырылды және жол бойында 2018 жылы отырғызылған 60 түп тал ағаштарды түптеу және суару жұмыстары жүргізілді. Осы қазан айында жанадан 30 түп тал әкелініп отырғызылды.
Өзіміз тұрып жатқан ауылымызды көріктіде таза болуы өз қолымызда екендігін естен шығармайық.
Қыркүйек айында Култай және Арықты ауылының, жол бойында орналасқан, зираттың қоршаулары ауыстырылып, кенейту жұмысы ұйымдастырылып жүргізілді. Осы жұмысты өз жауапкершілікке алып, ауыл жастармен жұмыс атқарған Нурмағанбетов Елюбай азаматқа алғысым шексіз.
Жаз мезгілінде ауыл тұрғындарына көлдің басына суға түсу қауіпті екені ескертіліп, ескерту тақтайшасы қойылды, баннер орнатылды және де шомылатын жер «Бабай» көліне бақылауға алынып, демалатын орын орнатылды.
«Бірге таза - Қазақстан» экологиялық акциясы 17 тамыз күні ауылымызда өз бастауын алды. Іс-шараның басты мақсаты - еліміздің қоршаған ортаны қорғау және сақтау.
Қорғалжын ауданының ауруханадағы науқастарға, елде болып жатқан пандемияға байланысты, ауылымыздың бие сауып отырған азаматтары тегін 120 литр қымызбен демеушілік көмек көрсеті.
Қорғалжын ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшысы Касенов Серик Кайдарович және Қорғалжын ауданының ардагерлер қенесінің төрағасы Муканов Толеухан Кудайбергенович қатысуымен, тыл еңбеккерін Хосаева Дамегой әжемізді Ұлы жеңістің 75 жылдығына арналған медальмен марапатталды.
Сонымен бірге, көп балалы аналарды «Күміс алқа»-мен 3 отбасы марапатталды. Олар: Турсунова Макпал, Алиакпарова Айсулу және Гомонюк Оксана.
Қорғалжын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қазақ күресі бөлімінің бапкері Тусупбеков Мұрат Дуанбайұлын ҚР қазақ күресі федерациясынан, қазақ күресіне қосқан үлесі үшін «Құрметті спорт әрдагері» төсбелгісімен марапатталды.
Округте өтіп жатқан іс-шаралар жұмысы интернет желілеріне үнемі салынады. Жәнеде, атқарылған жұмыс жөнінде «Ткелей эфирға» шығып есебімді беремін.
Округімізде біршама жұмыстар атқарылды, өз алдыма қойылып отырған жоспарлар көп. Жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, ауыл ортасындағы жарға өтпе жол салу.
Сіздердің отбасыларыңызға тілейтінім амандық, еліміздің еңсесі биік, халқымыздың ырысы мол болсын. Арықты ауылымыз гүлденіп тұрмыс-тіршілігіміз жақсара берсін.
Назарларыңызға рахмет!