Округ аумағында қазіргі кезде 551 адам тұрады. 2 ауылда 131 үй бар.Ұлттық құрамы-100 пайыз қазақтар.
Ақмола облысы әкімінің тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында барлық округ әкімдері осы жылдың 22-ші қаңтарында халық алдында есеп берді.
Өткен халыққа есеп беру кездесуінде мынадай сұрақ қойылды. Олар:1)Өркендеу ауылының ішкі жолдарын қардан тазартуға көңіл бөлінсе? 2)Өркендеу ауылында ауыз су қашан болады? 1) Амангелді ауылдық округі Өркендеу ауылының қыс мезгілі уақытында ішкі жолды тазалау жұмыстарын «Арифа» ЖК жүргізді, жылда қар тоқтату жұмысымен «Жеті көл» жеке шаруашылық серіктестігіжүргізеді. Сонымен қатар трактор көлігі бар ауыл азаматтары Кенжекеев Ардак, Бидалов Тулеухан, Шайхин Кайрат қар тазалау жұмыстарына көмектесті.2)Қорғалжын ауданы Өркендеу ауылының ішкі су құбырын тарату желілерін қайта құру бойынша мынадай жұмыстар жүргізілді: 2019 жылы облыстық бюджеттен Қорғалжын ауданының Өркендеу ауылын сумен жабдықтау тарату желісін қайта құруға жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 12,0 млн.теңге бөлінді. Ашық конкурстың нәтижесі бойынша, 2019 жылғы 05 тамызда "Астана Быт Сервис – ЛТД" ЖШС анықталып, келісім шарт жасалды. Жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу мерзімі 7 ай.
2020 жылдың 11 мамырынан, "Астана Быт Сервис – ЛТД" ЖШС әзірленген жоба-сметалық құжаттамаларына мемлекеттік сараптама жасау үшін конкурс жарияланады. Конкурс нәтижесі бойынша, ЖСШ «Строй Продуктив» женімпаз болып анықталды. Мердігермен 2020 жылдың 26 мамырынан келісім шарт жасалды. 2020 жылдың 26 маусымында мемлекеттік сараптама, жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеген "Астана Быт Сервис – ЛТД" ЖШС анықталған кемшіліктерді аяқтау үшін жіберілді. 2020 жылдың 30 мусымы № СП – 0045/20 сараптама қорытындысы аяқталып, 2020 жылдың 4 тамыз Қорғалжын ауданы Өркендеу ауылының сумен жабдықтау желілерін қайта жаңартуға әзірленген жоба-сметалық құжаттамалар, сараптаманың жұмыс жобасы және бюджеттік өтінім облыстық деңгейден қаражат қарастыру үшін тапсырылып, қорғалды.
2020 жылдың желтоқсан айында өткен облыстық маслихаттың бюджетті нақтылау шешімімен, 2021 жылға қаражат бөлуге реестрге енгізілді. Жоба-сметалық құжаттамалар құны 340 млн. 983 мың теңге.
Салалар бойынша тоқталатын болсақ.
Ауыл, мал шаруашылығы
Амангелді ауылдық округі жеке сектордағы мал саны:
ІҚМ – 1122 бас,
ҰҚМ – 1823 бас,
Жылқы – 496 бас,
Құстар – 1120 бас санын құрайды.
Шаруа қожалықтары және жеке шаруашылық серіктестіктерінде мал саны:
ІҚМ – 623 бас,
ҰҚМ – 1045 бас,
Жылқы – 812 бас,
Амангелді ауылдық округі аумағында орналасқан:
15 – шаруақожалығы, 5 – ЖШС, 4 – жеке кәсіпкерлер бар, оның ішінде 5 – шаруа қожалығы және 5 – ЖШС егін шаруашылығымен айналысады. Баянбай, Торғай, Самал, Жұмай шаруа қожалықтары және Жеті көл, Агро Стиль, Аққұлын ЖШС-і егін себу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мырзатай шаруа қожалығының иелігіндегі жер телімдерін «АltaiKz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сатып алып, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды жоспарлап отыр.
Мал өсірумен 2 серіктестік, 12 шаруа қожалығы айналысады. Өркендеу ауылы бойынша жылқы малы 2 табын, ұсақ мал бойынша 4 табын кезекпен бағылады, сауын сиырлары, бойдақ ірі қара мал 2 табын болып бағылады. Жұмай ауылы бойынша 1 табын сауынды, бойдақ ірі қара мал бағылады. Ұсақ малдар 1 табын кезекпен бағылады.
Жер қатынастары
Биылғы жылы Өркендеу, Жұмай ауылдарының шекарасы бөлінді. Жұмай ауылының жалпы жер көлемі 3909 га, Өркендеу ауылының жалпы жер көлемі 9000 гектарды құрайды.
Шағын және орта бизнестің дамуы
Қазіргі таңда 17 кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде 13 шаруа қожалықтары, 4 жеке кәсіпкерлер бар.Олар ауылшаруашылық өндірісін арттырып,ауылымызға,ауданға,Нұр-Сұлтан қаласына қымыз, ет өнімдерін өткізуде.
Әлеуметтік сала
Білім саласы. Округ бойынша 2 жалпы білім беретін мектептер бар, оның 1 - орта, 1 - негізгі. Оқушылар саны - 120 бала. Ауылдың білім беру мекемелерінде 30 педагог қызметкерлері жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 2 ұйым жұмыс істейді: мектеп жанындағы 2 шағын орталықтар.
Денсаулық саласы бойынша 2 медициналық пункт бар.
Денсаулық сақтау саласында 2 орта медициналық қызметші жұмыс істейді. Өркендеу ауылына тұрақты медициналық қызметкер 1 қараша 2019жылыСәрсенбай Сырым Болатұлы.Медпункттің іші-сырты жөнделген,іші жылы,электрпешпен жылытылады.
Спорт саласы да дамып келеді. Тәжірибелі спорт мамандары А. Жунусов, С. Мамыраемов еңбектерімен ауыл спортшылары ат спортынан, волейбол, үстел теннисі,қысқы ойындар бойынша түрлі жарыстарға қатысып,жүлделі орындарға ие болып жүр. Сонымен қатар биылғы жылы «Қазақ күресі» үйірмесі ашылды бапкері А. Аханов. Әлемде болып жатқан COVID-19 індетіне байланысты биылғы жылы көптеген үйірмелер, жарыстар тоқтатылды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласы
Есепті кезеңде округ бойынша 10 адам жұмысқа орналастырылды.
«Жұмыспен қамту жол картасы- 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында жұмыспен қамту орталығы арқылы 7 жұмыссыз адам қоғамдық жұмысқаорналастырылды. Округ бойынша кәсіптік білім алғандар саны – 3.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бойынша атқарылған жұмыстар
Округ аумағында республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар өтеді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында демеушілік көмек көрсетіп «Агро Стиль» ЖШС Жұмай ауылының грейдерін жөндеу жұмыстарын жүргізді. Өркендеу аулының көктемгі су тасқынының алдын алуға су ағарлар орнатылды.
Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасын іске асыру негізінде округ бойынша 2 елді мекеннің 1-не ауыз су арнайы локальді су құбыры арқылы беріліп тұр, 1 елді мекенге тасымалдау және құдық арқылы қамтылуда.
Көктемгі және күзгі көгаландыру және абаттандыру айлығына барлық елді мекендер қатысып, талдар мен түп гүлдер отырғызып және күтіп баптау жұмыстары жүргізілді. Сонымен айлық аясында Өркендеу ауылының кіреберісінде «Қош келдіңіздер» аркасы орнатылды.
Сәулет және құрылыс жұмыстары
2020 жылы Өркендеу ауылында 1 үй салынып бітті(Шарипов Д.),1 үй салынып жатыр (Жакупов К.). Тұрғын-үйлер құрылысы халықтың жеке қаражаты есебінен қаржыландырылып отырады.
Жасалып жатқан жоба -сметалық құжаттар
Өркендеу ауылындағы су құбыры таратушы желілерін реконструкциялауға жоба-сметалық құжат дайындалып бітті. 2020 жылдың 11 мамырынан, "Астана Быт Сервис – ЛТД" ЖШС әзірленген жоба-сметалық құжаттамаларына мемлекеттік сараптама жасау үшін конкурс жарияланады. Конкурс нәтижесі бойынша, ЖСШ «Строй Продуктив» женімпаз болып анықталды. Мердігермен 2020 жылдың 26 мамырынан келісім шарт жасалды. 2020 жылдың 26 маусымында мемлекеттік сараптама, жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеген "Астана Быт Сервис – ЛТД" ЖШС анықталған кемшіліктерді аяқтау үшін жіберілді. 2020 жылдың 30 мусымы № СП – 0045/20 сараптама қорытындысы аяқталып, 2020 жылдың 4 тамыз Қорғалжын ауданы Өркендеу ауылының сумен жабдықтау желілерін қайта жаңартуға әзірленген жоба-сметалық құжаттамалар, сараптаманың жұмыс жобасы және бюджеттік өтінім облыстық деңгейден қаражат қарастыру үшін тапсырылып, қорғалды.
Назарларыңызға рахмет!