2026 жылғы 4 қазанда Қорғалжын ауданы Сабынды ауылдық округінің әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Қорғалжын аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қорғалжын ауданы Сабынды ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сабынды сайлау округі
Сабынды ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 761 азамат енгізілді, олардың 520-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны –5, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған -82.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Алиев А.С.- 59; Жаманбаев Ә.М. – 43; Смағұлова Г.М. – 331.
Сабынды ауылдық округінің әкімі болып «Целиноград аудандық жұмыспен қамту және бюджеттік бағдарламалар бөлімі » ММ бас маманы , Қорғалжын ауданы Сабынды ауылында тұратын, 1975 жылы туған Смагулова Гульбану Мухаметалиевна сайланды, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясы