Қорғалжын ауданы Сабынды ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама

Ақмола облысы Қорғалжын  ауданы  Сабынды  ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама

2026 жылғы 8 қыркүйегінде  сағат 18.00-де  Қорғалжын  ауданы  Сабынды  ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Сабынды  ауылдық округі бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 3 (100 %) - өзін-өзі ұсынды. 

Орташа бәсекелестік - 3 адам. 

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2026 жылғы 13 қыркүйегінде  сағат 18.00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес,  кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
11 сентября 2026