ЖҰМЫЛДЫРУ ЖАРИЯЛАНҒАНДАҒЫ ІС-ҚИМЫЛ ТӘРТІБІ: ТҰРҒЫНДАРЕҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

  1. Сабырлық сақтау және ақпаратты тексеру. Үрейге бой алдырмаңыз. Дүрбелең — ең үлкен қауіп. Тек ресми дереккөздерге сеніңіз. Президенттің, Қорғаныс министрлігінің, төтенше жағдайлар кызметнің мәлімдемелерін қадағалаңыз. Тек мемлекеттік органдардың, Қорғаныс министрлігінің және ресми БАҚ-тың мәліметіне сеніңіз. Фейк ақпарат таратпаңыз. Әлеуметтик желідегі қауесеттерге сенбеңіз.
  2. Кұжаттар мен «Қауіпсіздік қоржынын» (Тревожный чемодан) даиындау. Кұжаттарды жинаңыз. Жеке куәлік,төлқұжат, әскери билет, туу туралы куәліктер, мүлік кұжаттарын су еткізбейтін пакетке салыңыз. Қолма-қол ақша дайындаңыз. Банкоматтар мен электронды төлемдер істемей қалуы мүмкін. Қоржынды жинақтаңыз. Оған мыналар кіруі тиіс: 3 күндік су мен бұзылмайтын тағам (консервілер, кұрғақпайлар).

Алғашқы көмек қобдишасы (дәрі-дәрмек,танғыштар),

Радиоқабылдағыш (батареямен жұмыс істейтін), қолшам, сірінке.

Ауыстыратын жылы киім.

Халық арасында жұмылдыру (мобилизация) жарияланған кездегі  іс-қимылдар тәртібі халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік тапсырмаларды жедел орындауға бағытталған.

Негізгі іс-қимылдар алгоритмі

Хабарландыруды тыңдау: Сирена дыбысы немесе СМС келгенде теледидар мен радионы қосып, ресми нұсқауларды нақты орындау қажет.

Кұжаттарды дайындау: Жеке куәлік, әскери билет, диплом және медициналык кұжаттарды су өтпейтін пакетке салып қою керек.

Шұғыл сөмке жинау: Өзімен бірге 3 күндік азық-түлік, су, алғашқы көмек қобдишасы, жылы киім жене қолшам болуы тиіс.

 Үйден шығардағы қауіпсіздік

  • Коммуналдық жүйелерді өшіріңіз. Газды, суды және электр желісін толықтай ажыратыңыз.
  • Терезелерді бекітіңіз. Терезелерді тығыз жауып, мүмкіндік болса перделерді тартып қойыңыз.
  • Есікті құлыптаңыз. Үйдің кілттерін сенімді туыстарыңызға немесе көршілерге қалдырыңыз.

Шақыру пунктіне келу: Әскери комиссариаттан шақырту (повестка) алған соң онда керсетілген  уақыт пен мекенжай бойынша кешікпей жету міндетті.

  • Уақытты созбаңыз. Шақыру қағазында (повестка) көрсетілген мерзімде белгіленген жиын пунктіне жетіңіз.
  • Құжаттарды түгендеңіз. Жеке куәлік, әскери билет, жүргізуші куәлігі және білімі туралы құжаттарды өзіңізбен бірге алыңыз.
  • Байланысты үзбеңіз. Жақындарыңызға қайда және қашан баратыныңызды ескертіп кетіңіз.

Мүлікті тапсыру: Тетенше жағдай заңнамасына сай, мемлекет кажеттілігі  үшін көлік немесе өзге де техника уақытша алынуы мүмкін.

Жұмыс орнындағы тәртіп: Стратегиялық нысан қызметкерлері арнайы куәлік(бронь) болса, өз жұмыс орындарында қалып, қызметін жалғастырады.

Әскери міндетті емес тұрғындардың іс-қимылы

  • Жұмысты жалғастырыңыз. Тылдағы қауіпсіздік пен экономиканы қолдау үшін өз жұмыс орындарыңызда міндеттерді атқара беріңіз.
  • Көмек көрсетіңіз. Мүмкіндігінше еріктілер (волонтерлер) қозғалысына қосылып, гуманитарлық көмек ұйымдастыруға жәрдемдесіңіз.
  • Тәртіпті сақтаңыз. Қоғамдық орындарда коменданттық сағат (енгізілсе) ережелерін және құқық қорғау органдарының талаптарын қатаң сақтаңыз.

Тыйым салынатын әрекеттер

Тұрғылықты мекенжайды ауыстыру: Жұмылдыру жарияланған сәттен бастап әскери есепте тұрған азаматтарға коменданттың рұқсатынсыз қаладан шығуға тыйым салынады.

Жалған ақпарат тарату: Әлеуметтік желілерде үрей туғызатын қауесеттер мен тексерлмеген меліметтерді бөлісуге болмайды.

 

Дата публикации
09 сентября 2026