Қорғалжын ауданының Сабынды ауылдық округі әкімінің заңда белгіленген өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, Сабынды ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау және әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніңдегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

           «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 2 және 8-1 тармақшаларына, 113-1 бабының
1 тармағының 2 тармақшасына, 3 және 4 тармақтарына  сәйкес, Қорғалжын  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

            1.2026 жылғы 4 қазанға  Қорғалжын ауданы Сабынды  ауылдық округі әкімінің заңда  белгіленген өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты,  Сабынды  ауылдық округінің  әкімін  сайлау тағайындалсын.

  1. Сабынды  ауылдық округінің әкімін  сайлауды дайындау және өткізу жөніңдегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес  бекітілсін.
  2. Осы қаулы Қорғалжын  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық « Нұр Қорғалжын» газетінде жариялансын.

 

Қорғалжын  аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                                                    Б.Байкадамов

 

Қорғалжын  аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                                                   С.Нуркенова

 

Дата публикации
27 августа 2026