Қорғалжын ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің 2020 жылдың қаңтар-ақпанында халыққа есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстарды және ескертулерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарының орындалуы туралы (2020 жылғы 1 желтоқсанға)

№

Іс -шаралар

Орындау мерзімі

Жауапты

 

Орындалуы

1.      

Қорғалжын ауылында жол жүру белгілерін орнату жұмыстарын жүргізу

2020 жылғы 1 қарашаға дейін

Ғ-С.Мұхамедди

Б.Байкадамов

Орындалды. Қорғалжын ауылында 1 млн 71 мың теңге сомаға жол белгілерін орнату жұмыстарын мердігер «ДауMAN» ЖШС толығымен аяқтады. Барлығы 94 жол белгісі орнатылды.

2.      

Қорғалжын ауылында 5 көшеге  (Е.Дүйсенбаев, К.Күмісбеков, Ә.Шабатов, Ә.Молдағұлова, С.Сейфуллин) түнгі жарықтандыру шамдарын орнату жұмыстарын жүргізу

2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін (мерзімі 2021 жылғы 1 қарашаға дейін ұзартылды)

Ғ-С.Мұхамедди

Л.Ж.Елеуов

Б.Байкадамов

Орындалуда. Қорғалжын ауылында 5 көшеге (Е.Дүйсенбаев, К.Күмісбеков, Ә.Шабатов, Ә.Молдағұлова, С.Сейфуллин) түнгі жарықтандыру шамдарын орнату үшін жоба-сметалық  құжаттары дайындалды. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптама жасалуда.  Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында аяқталады деп күтілуде.

3.      

Ауыл шаруашылық малдарына ветеринарлық вакцинациялау шараларын толық жүргізу

2020 жылғы 1 қарашаға дейін

Ғ-С.Мұхамедди

А.К.Джакупов

Орындалды. Келесі эпизоотияға қарсы іс - шаралар жүргізілді: бруцеллезге: ІҚМ – 19 897 бас, ұсақ мал - 26 543 бас зерттелді. Сібір жарасына қарсы ІҚМ 23707 бас, ұсақ мал 27938 бас. Эмкар 19873 бас, нодулярлық дерматит 20 000 бас құрайды, орындалуы 100%, эхинококкоз орындалуы 750 бас, жылқы маңқасы бойынша орындалуы 500 бас, ІҚМ құтыру 1500 бас, ит құтыруға қарсы 400 бас егілді, 100 бас мысыққа вакцина егілді,  24 062 бас туберкулез зерттелді. Жыл басынан 258 бас қаңғыбас иттер, 13 мысық ауланып жойылды.

Дата публикации
07 декабря 2020