|
№ |
Іс -шаралар |
Орындау мерзімі |
Жауапты |
Орындалуы туралы |
|
1. |
Өркендеу ауылының су тарату жүйелерінің құрылысын салу үшін жоба-сметалық құжаттар дайындап, мемлекеттік сараптамадан өткізу |
2019 жылғы 20 желтоқсанға дейін (мерзімі 2020 жылғы 31 мамырға дейін ұзартылды) |
Ғ-С.Мұхамедди Л.Елеуов К.Жолдыбаева |
Орындалды. Қорғалжын ауданы әкімінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №55 өкімімен «Өркендеу ауылында тарату желілерін салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптама жүргізу» тапсырмасының орындалу мерзімі 2020 жылдың 31 мамырына дейін ұзартылды. Облыстық мәслихат сессиясының шешіміне сәйкес энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасынан 11900 млн теңге қаржыландыру қайта бөлінді. 2020 жылдың 11 мамырынан, ЖСҚ мемлекеттік сараптама жасау үшін конкурс жарияланады. Конкурс нәтижесі бойынша, ЖСШ «Строй Продуктив» женімпаз болып анықталды. Мердігермен 2020 жылдың 26 мамырынан келісім шарт жасалды. 2020 жылдың 26 маусымында мемлекеттік сараптама аяқталып, ЖСҚ әзірлеген мердігерге аяқтау үшін жіберілді. 2020 жылдың 30 мусымы № СП – 0045/20 сараптама қорытындысы аяқталып, 2020 жылдың 4 тамыз Қорғалжын ауданы Өркендеу ауылының сумен жабдықтау желілерін қайта жаңартуға әзірленген ЖСҚ, сараптаманың жұмыс жобасы және бюджеттік өтінім облыыстық деңгейден қаражат қарастыру үшін жіберілді, облыстық маслихат шешімімен 2021 жылғы реестрге енгізілді. Жоба құны 340 млн. 983 мың теңге. |
|
2. |
Қорғалжын ауылының Жангельдин көшесі 2 мекен-жайында орналасқан 2 ескі жатақхананы қайта қалпына келтіру үшін жоба-сметалық құжаттар дайындап, мемлекеттік сараптамадан өткізу |
2019 жылғы 20 желтоқсанға дейін (мерзімі 2020 жылғы 31 мамырға дейін ұзартылды) |
Ғ-С.Мұхамедди Н.Қалимұса Б.Сембаев |
Орындалды. Қорғалжын ауданы әкімінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №55 өкімімен «Қорғалжын ауылының Жангельдин көшесі 2 мекен-жайында орналасқан 2 ескі жатақхананы қайта қалпына келтіру үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптама жүргізу» тапсырмасының орындалу мерзімі 2020 жылдың 31 мамырына дейін ұзартылды. 2020 жылдың ақпан айында келісімшартқа сәйкес, қайта бөлуге облыстық құрылыс басқармасына 8,580 млн тенгеге бюджеттік өтінім жасалып, қаражат қайта бөлінді. 2020 жылдың 13 мамырында аталмыш жобаны сараптамадан өткізу үшін ашық порталда конкурс жарияланды. Конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаз анықталып (ТОО «Норматив Плюс»), мемлекеттік сатып алу порталы арқылы ағымдағы жылдың 26 мамырында келісімшарт жіберілді. Құрылыс жобаларына ведомствадан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған біріңғай порталына жоба-сметалық құжаттар 03.06.2020 жылы жүктеліп, №НП-03/00303 нөмерімен тіркелді. Ведомствадан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес келісімшартқа қол қойылған күннен бастап 30 күн. (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жығы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығы). Бірақ, 2020 жылдың 16 шілдесінде №НП-0159/20 сараптаманың теріс қорытындысы шықты. Жоблаушы 2020 жылдың 26 қазанында түзетулермен ескертулер жасалған жобаны сарпатамадан қайта өткізді. Оң сараптама қорытындысы 2020 жылдың 28 қарашасында №ЕТ-0251/20 болып алынды. Сарпатамаға сәйкес Жангельдин көшесінде орналасқан 2 ескі жатақхананы қайта қалпына келтіру үшін 259,051 млн. теңге қаражат қажет. Қаражатты облыстық бюджеттен бөлу мақсатында бюджеттік өтінім жасалынды. |