«Қорғалжын ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесіне толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдық қатысу, мемлекеттік наградалар және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына  сәйкес, Қорғалжын  ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. «Қорғалжын ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі ережесінің 2-тарауының 13-тармағына келесі толықтыру енгізілсін:

маңдайшаны облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады.

  1. Қосымшада беріліп отырған «Қорғалжын ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілетін толықтырудың мәтіні бекітілсін.
  2. «Қорғалжын ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ережеге енгізілген толықтырудың ресми тіркеуін жүргізсін.
  3. Осы қаулы 2025 жылғы 17 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Бейсембековке  жүктелсін

 

         Аудан әкімі                                                                                А. Алин

 

 

Қорғалжын  ауданы

әкімдігінің

«_____»______2025 жылғы

№____________ қаулысына

қосымша

 

 

«Қорғалжын  ауданының ішкі саясат  және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілетін толықтыру мәтіні

«Қорғалжын ауданының  ішкі саясат  және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі ережесінің 2-тарауының 13-тармағына келесі толықтыру енгізіледі:

маңдайшаны облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
22 апреля 2026