Неліктен тұмауға қарсы екпе алу маңызды?
Вакцинация – тұмаудың алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Ол ауруды жұқтыру қаупін азайтып, инфекцияның ауыр өтуінен және асқынулардың дамуынан қорғауға көмектеседі.
Тұмауға қарсы вакцинация ең алдымен кімдерге ұсынылады:
* балалар мен жасөспірімдерге;
* егде жастағы адамдарға;
* жүктіліктің II–III триместріндегі әйелдерге;
* созылмалы аурулары бар азаматтарға;
* медицина қызметкерлеріне, педагогтерге және қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне;
* жабық типтегі мекемелерде тұратын адамдарға;
* тұмаумен ауырған жағдайда асқыну қаупі жоғары адамдарға.
Вакцинация алдында медицина қызметкері – учаскелік дәрігер немесе дәрігерге дейінгі кабинет фельдшері – азаматты қарап, оның денсаулық жағдайын бағалайды.
Вакцинацияны қайда алуға болады?
«Қалалық емхана» ШЖҚ МКК-ның келесі мекенжайларында:
📍 Әуельбеков көшесі, 94
№103 кабинет – екпе кабинеті
📍 Назарбаев көшесі, 6
Екпе кабинеті
(балалар мен жүкті әйелдерге вакцинация жүргізіледі)
📍 *№1 БМСК орталығы*
Боровской шағын ауданы, 55А
Екпе кабинеті
ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗ БЕН ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАҢЫЗ!
Тұмауға қарсы вакцинаны уақытылы алыңыз!
2026 жылғы 23 тамызда Құрылтайдың өткізілуіне байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық көлікте қатынауға қолайлы жағдай жасау мақсатында 23 тамыз күні Көкшетау қаласының қоғамдық көліктерінде жол жүру тегін жүзеге асырылады.
Құрылтай аясында өтетін маңызды қоғамдық шараларға белсенді қатысуға және өз азаматтық ұстанымыңызды білдіруге шақырамыз.
Сіздерге мемлекеттік қызметтегі жекелеген бос лауазымдарға конкурстық іріктеусіз орналасу мүмкіндігі бар екенін хабарлаймыз.
Негізгі талаптар:
Конкурс өткізілмей төмендегі лауазымдарға орналасуға болады:
1️⃣ облыс ауданы немесе облыстық маңызы бар қала әкімінің аппараты мен мәслихатының төменгі лауазымдарына (Көкшетаудан басқа);
2️⃣ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданы немесе облыстық маңызы бар қаланың атқарушы органындағы басшылық емес лауазымға (Көкшетаудан басқа);
3️⃣ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратындағы басшылық емес лауазымға;
4️⃣ орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына (Көкшетаудан басқа).
Ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген жас мамандарға көтерме жәрдемақы төлеу, сондай-ақ тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру мүмкіндігі қарастырылған.
Егер бұл ақпарат сізді қызықтырса немесе толығырақ кеңес алғыңыз келсе, мемлекеттік органдардың кадр қызметтеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне @elgeqyzmet.aqmola жүгіне аласыз.
Мекенжайы: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87, 3-қабат.
Байланыс телефоны: 8 (7162) 51-81-32.
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Сіздерді маңызды тарихи күнмен – 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймын. Осынау маңызы айрықша құжаттың қабылдануына қолдау білдіріп, азаматтық үнін қосқан барша ақмолалықтарға алғыс білдіремін.
Жаңа Конституция мемлекеттілікті нығайтудың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің, қоғамдық келісім мен мемлекетіміздің тұрақты дамуын сақтаудың берік негізіне айналады. Конституция бәрімізді ортақ құндылықтар – заң мен тәртіп үстемдігі, әділдік, өзара құрмет, жауапкершілік және жасампаз еңбек төңірегінде біріктіреді.
Бүгінде Ақмола облысы еліміздің басты астықты өлкесі бола отырып, Қазақстанның дамуына лайықты үлес қосып келеді. Тұрғындарымыздың бірлігі, еңбекқорлығы мен белсенді азаматтық ұстанымының арқасында маңызды жобалар жүзеге асырылып, экономикалық әлеуетіміз артып, әлеуметтік сала жетіліп, жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда.
Конституциялық принциптерге сүйене отырып біз алдағы уақытта да тұрғындарымыздың әл-ауқатын одан әрі жақсартып, алға қарай нық қадам басатынымызға сенімдімін.
Марат Ахметжанов,
Ақмола облысының әкімі
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Бұл күн — егемендігіміздің айбынын асырып, әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын айқындаған қастерлі мереке.
Біздің Бас құжатымыз — бейбітшіліктің, бірлік пен тұрақтылықтың кепілі. Ата Заңның әрбір бабында елдің тыныштығы, әділетті қоғам құру жолындағы мақсатымыз және жарқын болашаққа деген сеніміміз ұялаған.
Көкшетау қаласының әкімдігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғанын хабарлайды.
Барлық мүдделі тұлғалар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылауға жұмыс тобының құрамында қатыса алады.
Талқылауға қатысу мәселелері бойынша «Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы Динара Абайқызы Рамазановаға 8 (7162) 29-78-30 телефоны арқылы хабарласуға болады.