Меню

Страницы

Статья

Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары!

Көкшетау қаласының әкімдігі жыл сайын алқабилерге кандидаттарды іріктеуді жүргізеді.

«Алқабилер туралы» ҚР Заңының 10-бабына сәйкес алқабилерге кандидаттардың тізіміне:

- алқабилердің тізімдерін жасау сәтіне жиырма бес жасқа толмаған;

- өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

- сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;

- судьялар, прокурорлар, тергеушілер, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері;

-психикалық, мінез-құлық бұзылыстары (аурулары), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамдар енгізілмейді.

Сонымен қатар, азаматтар қылмыстық істі қараудың барлық уақытына күнтізбелік жыл ішінде бір реттен артық емес алқабилердің міндеттерін сотта орындауға шақырылады.

Алқаби, оның отбасы мүшелері және олардың мүлкі мемлекеттің қорғауында. Егер сотта міндетін атқаратын алқабиден тиісті өтініш келіп түссе, сондай-ақ аталған адамдардың қауіпсіздігіне немесе олардың мүлкінің сақталуына қатер төндіретін басқа да куәліктер табылған жағдайларда, қылмыстық процесті жүргізетін Орган алқабидің, оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін, оларға тиесілі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қолдануға міндетті.

Облыстық және оған теңестірілген соттың қызметін материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган алқабиге нақты істі қарау аяқталғаннан кейін, ал егер істі қарау кешіктірілсе, ай сайын бюджет қаражаты есебінен аудандық сот судьясының және оған теңестірілген соттың лауазымдық жалақысының жартысы мөлшерінде сыйақы төлейді (бір жылға дейінгі өтілі бар) бірақ алқабидің негізгі жұмыс орны бойынша орташа табысынан кем емес сотта болу уақытына (жұмыс күндерінің санына) барабар.

Іссапар шығыстары алқабилерге (алқабилерге) кандидатқа республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде өтеледі.

Алқабидің соттағы міндеттерін орындау уақыты еңбек өтілін есептеу кезінде ескеріледі.

Алқабидің міндеттерін орындау кезінде оның негізгі жұмыс орны сақталады. Алқабиді жұмыстан шығаруға немесе оны сотта міндеттерін атқару кезінде жұмыс берушінің бастамасы бойынша төмен ақы төленетін жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді.

Осыған байланысты талаптарға сай қала аумағында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысуға құқылы.

Барлық сұрақтар бойынша 29-78-29, 29-78-30 («Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімі) телефоны бойынша хабарласуға болады.

Дата публикации
12 октября 2022
Дата обновления
12 октября 2022
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Көкшетау қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтерінің шекаралары
23 октября 2026
Көкшетау қалалық  аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама
23 октября 2026
СМИ кандидаты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы