Меню

Страницы

Статья

Президент сайлауы: Қоғамдық сауалнама жүргізуге 2 ұйым өтініш берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Алда өтетін президент сайлауында қоғамдық сауалнама жүргізетін 2 ұйым Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«7 қазанда Орталық сайлау комиссиясына қоғамдық сауалнама жүргізу үшін «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты) мен «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесінен өтініш түсті», - делінген ҚР ОСК хабарламасында.

Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауалнама жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауалнама жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.

Сондай-ақ қоғамдық пікірге сауал жүргізу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні интернет желісінде жариялауға жол берілмейтіні хабарланды.

https://www.inform.kz/kz/prezident-saylauy-kogamdyk-saualnama-zhurgizuge-2-uyym-otinish-berdi_a3987862

 

Дата публикации
12 октября 2022
Дата обновления
12 октября 2022
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Көкшетау қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтерінің шекаралары
23 октября 2026
Көкшетау қалалық  аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама
23 октября 2026
СМИ кандидаты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы