«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Көкшетау қаласы, Шалқар көшесі 9 «А» мекенжайында орналасқан. Телефон нөмірі: 8 (7162) 29-81-00.
«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 16 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;
Ақталған адамға куәлік беру;
Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу;
Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу (кресло-коляска);
Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру(выдача справки);
Тұрғын үй көмегін тағайындау;
Тұрғын үйсертификаттарын беру;
«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2021 жылы 8834 мемлекеттік қызмет көрсетілді, олардың ішінді:
Мемлекеттік корпорация арқылы мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 111 қызметі көрсетілген. Оның ішінде мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - МК) арқылы – 102, ЭҮП арқылы – 9. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
Мемлекеттік орган арқылы жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша -3105, қағаз нысанда мемлекеттік орган (бұдан әрі – МО) арқылы қызмет көрсету-2297, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз электрондық түрде ("электрондық үкімет" веб-порталын қоспағанда) www.egov.kz, www.elicense.kz) - 808. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша мемлекеттік органда барлығы – 1935, қағаз нысанда мемлекеттік орган (бұдан әрі – МО) арқылы қызмет көрсету-1450, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз электрондық түрде ("электрондық үкімет" веб-порталын қоспағанда) www.egov.kz, www.elicense.kz) - 485. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
Мемлекеттік корпорация арқылы семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік көрсетілетін ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру мемлекеттік қызметі бойынша МК арқылы 16 қызмет. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
Мемлекеттік корпорация арқылы ақталған адамға куәлік беру мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 5 қызмет. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызметі бойынша барлығы 434 қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорацияда – 345, ЭҮП-69, мемлекеттік органда – 20 қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша барлығы 1120 қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорацияда – 589, ЭҮП – 87, мемлекеттік органда – 444 қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша барлығы 191 қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорацияда – 135, ЭҮП-13, мемлекеттік органда – 43 қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағатымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызметі бойынша барлығы 65 қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорацияда – 4, ЭҮП – 61, мемлекеттік органда – 0 қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызметі бойынша барлығы 146 қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін корпорацияда – 116, ЭҮП – 21, мемлекеттік органда – 9 қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
Мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша барлығы 1039 қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорацияда – 593, мемлекеттік органда – 90 қағаз түрінде, ЭҮП-356. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша барлығы 153 қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорацияда – 47, мемлекеттік органда – 106 қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша барлығы – 197, оның ішінде мемлекеттік корпорацияда – 67, мемлекеттік органда – 132 қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша барлығы 0 қызмет. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
Тұрғын үй көмегін тағайындау мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша барлығы 310 қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорацияда –225, электрондық үкімет порталы арқылы– 85. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
Тұрғын үй сертификаттарын беру – 5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
Есепті кезеңдегі ең көп сұранысқа ие мемлекеттік орган арқылы жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік көрсетілетін қызметі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрлері мен тәртібі туралы ақпарат «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ақпараттық стендтерінде және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында және @otdel.zanyatosti.rags.kokshe Instagram әлеуметтік желісінде орналастырылған.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шағым түскен жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шағымдары туралы ақпарат
| Шағымберушітуралымәлімет | Шағым-ныңмәні | Шағымдықарағанжәне (немесе) шешімқабылдаған орган (ұйым) | Қарастырукүні | Шағымдықарастыруқорытындысыбойыншақұжаттың № | Қабылданғаншешім | Қабылданғаншешімдуқайтақараутуралымәліметтер |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| жоқ | - | - | - | - | - | - |
Сапа, уақытылы, қызмет алушылардың қанағаттанушылығы өлшемдері бойынша, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің айқындығын және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласында мемлекеттік органдардың қызметін әрі қарай жетілдіру мақсатында, 2021 жылға бекітілген іс–шаралар жоспарына сәйкес келесі бағыттар бойынша жұмыста қаралды және жүргізілуде:
- Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне тұрақты түрде бақылау жүргізілуде.
Халық назары үшін.
2022 жылғы 30 наурызға дейін жүргізілетін есепті талқылау шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша өзпікірлеріңізді, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді қала әкімінің http://kokshetau.akmo.gov.kz/ сайтында орналастыруға немесе тікелей жергілікті атқарушы органға ұсынуға болады.
«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ байланыс ақпараты
Телефон: 8 (7162) 29-81-00
Мемлекеттік органның жұмыс істеу уақыты: сағ 9.00 - 18.00 сағ.дейін
Үзіліс: сағ. 13.00 - 14.30 сағ.дейін
Демалыс: сенбі, жексенбі