Ақмола облысы әкімінің 2021 жылғы 1 наурыздағы
№ 15 өкімімен бекітілген
Көкшетау қаласы тұрғындарының 2021 жылғы ақпанда облыс әкімінің есеп беру кездесуінде көтерген мәселелерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
| № | Айтылған ұсыныстар/ ескертулер | Ескертулерді / ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындау мерзімі | Орындаушылар | Ескерту |
| Көкшетау қаласы | ||||
| 1. | АБҚ-1 газды майлы қазандықты қайта жаңартуды аяқтау | 2021 жылғы1 қазанға дейін | «Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ«Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ | Орындалуда.Мердігерлік ұйым «CrystalConstructionGroup» ЖШС.Шарттың жалпы сомасы 787 776,056 мың теңгені құрады.Бүгінгі таңда 15 м үшін 10,5 м негіз дайындалды, бұранда кескіштің биіктігі 0,5. Қазандықты құрастыру үшін материалдар әкелінуде, колонналар толық көлемде салынды, металл конструкцияларын монтаждау, жанарғыларды монтаждау аяқталды, кері клапан, реттеуші және дискілі ысырма, түтін сорғылар әкелінді. Металл 100% сатып алынды. Электрмен жабдықтау үшін материалдар, түтін сорғыштар сатып алынды.Құрылыс-монтаж жұмыстары 100% аяқталды. Шарт бойынша жұмыстардың аяқталу мерзімі 2021 жылғы 30.07., қосымша келісім жасалды. |
| 2. | Абай-Тәшенов-Әуелбеков-Пушкин көшелеріндегі аула аумақтарына күрделі жөндеу жүргізу | 2021 жылғы1 қарашаға дейін | «Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ | Орындалуда.«Көкшетауавтодор» ЖШС-мен Абай-Тәшенов-Әуелбеков-Пушкин көшесіндегі аула аумақтарын күрделі жөндеуден өткізу үшін жалпы сомасы 122,6 млн. теңгеге, 2 жыл мерзімге шарт жасалды (2020-2021 жылдар). Бүгінгі таңда ауланы жарықтандырудың кабельдік желілерін монтаждау, ернеу тастарын орнату, жаяу жүргіншілер жолдарын орнату үшін қоршауды монтаждау, шағын сәулет нысандарын орнату жүргізілуде. Шарт бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі 2021 жылғы 3-тоқсан. |
Көкшетау қаласының әкімі Б. Ғайса