Меню

Страницы

Статья

«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы саласындағы қоғамдық пікірталастарды өткізу туралы есебі

«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы саласындағы қоғамдық пікірталастарды өткізу туралы

есебі

 «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Көкшетау қаласы, Шалқар көшесі 9 «А» мекенжайында орналасқан. Телефон нөмірі: 8 (7162) 29-81-00.

«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 16 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

  1. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу
  2. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау
  3. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  4. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру
  5. Ақталған адамға куәлік беру
  6. Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етугеқұжаттарды ресімдеу
  7. Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу
  8. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу
  9. Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу
  10. Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу(кресло-коляска)
  11. Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу
  12. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу
  13. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу
  14. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру(выдача справки)
  15. Тұрғын үй көмегін тағайындау
  16. Тұрғын үй сертификаттарын беру

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 8 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қазандағы № 390/НҚ бұйрығымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілді. Осы бұйрықтың негізінде «Жүріп - тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» қызметі 2 мемлекеттік қызметке бөлінді: «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» және «Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу».

«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2020 жылы 8956 мемлекеттік қызмет көрсетілді, олардың ішінді:

  1. Мемлекеттік корпорация арқылы мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 98 қызметі көрсетілген. Оның ішінде мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - МК) арқылы – 93, ЭҮП арқылы – 5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
  2. Мемлекеттік орган арқылы жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2697 қызмет қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
  3. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша мемлекеттік органда барлығы - 2322 қызмет көрсетілді.
  4. Мемлекеттік корпорация арқылы семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік көрсетілетін ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру мемлекеттік қызметі бойынша МК арқылы 17 қызмет. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
  5. Мемлекеттік корпорация арқылы ақталған адамға куәлік беру мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 15 қызмет. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
  6. Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызметі бойынша барлығы 355 қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін корпорацияда – 345, мемлекеттік органда – 10 қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
  7. Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша барлығы 1139 қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорацияда – 691, мемлекеттік органда – 448 қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
  8. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша барлығы 736 қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорацияда – 490, мемлекеттік органда – 244 қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
  9. Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызметі бойынша барлығы 110 қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін корпорацияда – 1, мемлекеттік органда – 109 қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
  10. Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу (кресло-коляска) мемлекеттік қызметі бойынша барлығы 153 қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін корпорацияда – 145, мемлекеттік органда – 7 қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
  11. Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша барлығы 769 қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорацияда – 765, мемлекеттік органда – 3 қағаз түрінде, ЭҮП-1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
  12. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша барлығы 121 қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорацияда – 72, мемлекеттік органда – 49 қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
  13. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша барлығы – 215, оның ішінде мемлекеттік корпорацияда – 4, мемлекеттік органда – 211 қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
  14. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша барлығы 0 қызмет.
  15. Тұрғын үй көмегін тағайындау мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша барлығы 319 қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорацияда –294, электрондық үкімет порталы арқылы– 25. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартқа сәйкес жүзеге асырылды.
  16. Тұрғын үй сертификаттарын беру – 0.

Есепті кезеңдегі ең көп сұранысқа ие Мемлекеттік орган арқылы жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік көрсетілетін қызметі болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрлері мен тәртібі туралы ақпарат «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ақпараттық стендтерінде және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында және @otdel_zanyatosti_kokshe Instagram әлеуметтік желісінде орналастырылған.

2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шағым түскен жоқ.

 

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәлімет

Шағым-ның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарастыру күні

Шағымды қарастыруқорытындысы бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімду қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

жоқ

0

0

0

0

0

0

Сапа, уақытылы, қызмет алушылардың қанағаттанушылығы өлшемдері бойынша, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің айқындығын және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласында мемлекеттік органдардың қызметін әрі қарай жетілдіру мақсатында, 2020 жылға бекітілген іс–шаралар жоспарына сәйкес келесі бағыттар бойынша жұмыста қаралды және жүргізілуде:

- Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне тұрақты түрде бақылау жүргізілуде.

Халық назары үшін.

2020 жылғы 30 наурызға дейін жүргізілетін есепті талқылау шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша өз пікірлеріңізді, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді қала әкімінің http://kokshetau.akmo.gov.kz/ сайтында орналастыруға немесе тікелей жергілікті атқарушы органға ұсынуға болады.

«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ байланыс ақпараты

Телефон: 8 (7162) 29-81-00

Мемлекеттік органның жұмыс істеу уақыты: сағ 9.00 - 18.00 сағ.дейін

Үзіліс: сағ. 13.00 - 14.30 сағ.дейін

Демалыс: сенбі, жексенбі

Есеп

 

Дата публикации
26 февраля 2021
Дата обновления
26 марта 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

23 октября 2026
Көкшетау қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтерінің шекаралары
23 октября 2026
Көкшетау қалалық  аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама
23 октября 2026
СМИ кандидаты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы