Меню

Страницы

Статья

2020 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдарының қызметі туралы есеп.

2020 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

 мәселелері жөніндегі Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдарының қызметі туралы есеп.

Көкшетау қаласының мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызметтер көрсету мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесіне енеді.

Халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудағы маңызды аспектісі.

Қазіргі уақытта сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін барлық жағдайлар жасалған.

  1. Жалпы ережелер.
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік қызметтерді 72 мемлекеттік мекеме көрсетеді.

 Қаланың мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметтердің 84 түрін көрсетеді, соның ішінде мемлекеттік қызметтің 37 түрі мемлекеттік корпорациясы арқылы, қалған мемлекеттік қызметтің 68 түрі «электрондық үкімет» веб-порталы және мемлекеттік органдар арқылы көрсетіледі.

Ақылы негізде мемлекеттік қызметтердің 12 түрі, тегін негізде  72 түрі көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетер алдында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңын және бекітілген стандарттар мен регламенттерді басшылыққа алады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген қызметтер саны 42 599 құрады, оның ішінде:

- Мемлекеттік корпорация арқылы - 13 939;

- электронды түрде барлығы - 17904 (ЭҮП, Қызмет көрсетушілердің ақпараттық жүйелері);

- қызмет көрсетушілер арқылы - 10 756.

  • неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

2020 жылы жүргізілген талдау негізінде ерекше талап етілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы тасымалдау және автомобиль жолдары, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, әлеуметтік қорғау саласында болып табылады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

Қалада көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат көпшілікке мәлім «Инстаргам»gosuslugi_kokheа әлеуметтік желісінде, сондай-ақ, Көкшетау қаласының интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде жарияланған. 

         «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобалары Көкшетау қаласы әкімдігінің сайтында жария талқылау мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертпелері мен ұсыныстарын ескеру мақсатымен жүргізілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылау оның жария талқылау үшін орналастырылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде аудан әкімдігінің сайтында «Жобаларды жетілдіру бойынша талқылау және ұсыныстар енгізу үшін стандарт жобалары» бөлімінде жүзеге асырылады.

2020 жылға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жобаларын жария талқылау барысында қала әкімдігінің сайтына ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсететін әрбір жергілікті атқарушы органда стендтер бар, бұнда келушілер үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі туралы ақпарат жарияланған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары жөнінде 2020 жылға қалада әкімдіктің 30 отырысы, семинарлар – кеңестер мен тікелей эфирлер жүргізілді.                                   

2020 жылдың басынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсететін әрбір мемлекеттік органда және Көкшетау қаласының ведомствоға бағынысты ұйымдарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету стандарттары мен оларды көрсету тәртібі көрсетілген стендтер ресімделді.

2020 жылы мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша онлайн режимде ZOOM қосымшасы арқылы Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдарының 173 қызметкері техникалық оқудан өтті.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

2020 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментіне мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 7 шағым келіп түсті.

Қызмет алушылар дан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселелері

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағымның  мәні

Шағым дықараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарастыру күні

Шағымды қарастыру қорытындысы бойынша құжаттың   №

Қабылданғаншешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

Адилов А.

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет бойынша негізсіз бас тарту

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті

14.09.2020

60-Э

Өтініш берушінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру

-

Житарь Н.

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет бойынша негізсіз бас тарту

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті

21.02.2020

 

18-Э

Өтініш берушінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру

-

Татагулов А.

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызмет бойынша негізсіз бас тарту

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті

21.07.2020

36-Э

Өтініш берушінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру

-

Нигматулина Ж.

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызмет бойынша негізсіз бас тарту

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті

28.09.2020

61-Э

Өтініш берушінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру

-

Безбородов С.

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және олар үшін мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттік қызмет бойынша негізсіз бас тарту

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті

29.09.2020

59-Э

Өтініш берушінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру

-

Исанова Ж.

«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызмет бойынша негізсіз бас тарту

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті

04.08.2020

37-Э

Өтініш берушінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру

-

Исанова Ж.

«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызмет бойынша негізсіз бас тарту

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті

22.10.2020

67-Э

Өтініш берушінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру

-

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті өткізген Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдарының қызметіндегі профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша 2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы бұзушылықтар анықталды.

Көкшетау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінде Ж. Исанованың 2 шағымы негізінде «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартудың 13 фактісі анықталды. 7 жағдайда өтініш берушіге Көкшетау қаласының қала құрылысы кеңесінің оң қорытындысының қажеттілігіне байланысты, 6 жағдайда бекітілген егжей – тегжейлі жоспарлау жобасының күшін жоюға байланысты бас тартылды. Сондай-ақ, Көкшетау қаласының білім бөлімінде «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін Анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету мерзімдерін 3 бұзушылық анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша Көкшетау қаласының білім бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық секторының маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылауды мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіретін жергілікті атқарушы органдардың тиісті құрылымдық бөлімшелері бақылау іс-шарасы және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингтеу нысанында жүзеге асырады. Жыл сайын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітіледі.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг 2020 жылдың маусым айында жүргізілді. Бұл әдіс интервьюерлердің не көрсетілетін қызметті алушылардың интервьюердің қатысуымен ауызша өтініш жасауына және сауалнамаларды жазбаша толтыруына негізделген бастапқы әлеуметтанушылық ақпаратты алу әдісі болып табылатын, бекітілген сауалнама парағына сәйкес сауалнама жүргізу жолымен жүзеге асырылды. Жаппай сауалнама жүргізу қорытындысы бойынша бекітілген 18 мемлекеттік қызмет бойынша 1140 қызмет алушыдан сауалнама алынды. Көкшетау қаласы бойынша рейтинг 9,06 балды құрады.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

         Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігі мен қызмет алушылардың қанағаттануын одан әрі арттыру мақсатында Көкшетау қаласының әкімі 2021 жылға арналған Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, 2021 жылға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі жөніндегі бақылау іс-шараларының жоспарын бекітті. Сондай-ақ, кестеге сәйкес онлайн режимде «Адал көмек» жобасы шеңберінде мемлекеттік қызметтер мәселелері және Көкшетау қаласының мемлекеттік органдарының жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

         Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, «Сервистік мемлекет» моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша байланыс нөмірлері: 87162 29-78-23, 29-78-24.

Есеп

Дата публикации
26 февраля 2021
Дата обновления
26 февраля 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

23 октября 2026
Көкшетау қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтерінің шекаралары
15 октября 2026
15 октября 2026
БАҚ үшін

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы