Меню

Страницы

Статья

Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерімен әдеп жөніндегі уәкілдің кездесуі өтті

Көкшетау қаласының әкімі Ә. Күмпекеевтің төрағалығымен Көкшетау қаласының әдеп жөніндегі уәкілі А. Новрузов жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.

Кездесу құқықтық сауаттылықты арттыруға, этикалық нормаларды нығайтуға және мемлекеттік қызметтегі мінез-құлық мәдениетін дамытуға бағытталды. Іс-шараға 70 мемлекеттік қызметші қатысты.

Кездесу барысында Әдеп жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарының және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің негізгі ережелерін түсіндірді. Мемлекеттік қызметшілерге қойылған шектеулер, сыртқы келбетке қойылатын талаптар, жұмыс уақытындағы, қызметтен тыс және ойын-сауық мекемелеріндегі мінез-құлық стандарттары бойынша нақты мәселелер қаралды. Әлеуметтік желілерге фото және бейнематериалдарды орналастыруға қатысты сұрақтар да талқыланды.

Қала әкімі Әдеп кодексінің барлық нормаларын қатаң сақтау маңыздылығын атап өтіп, қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыру қажеттігін еске салды. Ол мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік саясатқа адал болып, өз міндеттерін адал орындауға, кәсіби шеберлік пен тиімділікті көрсетуге, сондай-ақ кәсіби этиканы сақтау қажеттігін ескертті.

Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселесі бойынша жұмыс жалғасатын болады. 2025 жылы мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін, құзыреттілігін және моральдық деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылады.

 

Дата публикации
27 марта 2025
Дата обновления
27 марта 2025
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Көкшетау қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтерінің шекаралары
23 октября 2026
Көкшетау қалалық  аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама
23 октября 2026
СМИ кандидаты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы