Меню

Страницы

Статья

2024 жыл бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдарының қызметі жөніндегі есеп

2024 жыл бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдарының қызметі жөніндегі есеп.

Көкшетау қаласы мемлекеттік органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтері мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесіне кіреді.

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың маңызды аспектісі болып табылады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы болуы үшін барлық жағдайлар жасалған.

  1. Жалпы ережелер
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Көкшетау қаласы бойынша 9 мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Қаланың мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметтердің 59 түрі мен 62 кіші түрін көрсетеді, мемлекеттік қызметтердің 20 түрі Мемлекеттік корпорация арқылы, 37 түрі «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және мемлекеттік органдар арқылы көрсетіледі.

Ақылы негізде мемлекеттік қызметтердің 3 түрі, тегін негізде 56 түрі көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңын басшылыққа алады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтер саны 38744 құрды, оның ішінде:

- Мемлекеттік корпорация арқылы - 4417;

 - электрондық түрде барлығы – 13812 (ЭҮП, көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері);

- көрсетілетін қызметті берушілер арқылы– 6085.

  • Ең көп талап етілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

2024 жылы жүргізілген талдау негізінде ең көп талап етілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салалары болып табылады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

Қалада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібі туралы ақпарат «Инстаграм» танымал әлуметтік желісінде gosuslugi_kokshe және Көкшетау қаласының интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде жарияланады.

2024 жыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жобаларын ашық талқылау барысында қала әкімдігінің сайтына ұсыныстар мен ескертулер келіп түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсететін әрбір жергілікті атқарушы органда келушілер үшін «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпарат орналастырылған стендтер бар.

2024 жыл бойынша қалада мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша барлығы 6 іс-шара, әкімдік отырысы, семинар - кеңестер және тікелей эфирлер өткізілді.

Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары және оларды көрсету тәртібі бар стендтер ресімделді.

2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдарының 50 қызметкері техникалық оқудан өтті.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардан Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 15 шағым келіп түсті.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағымданушы туралы мәліметтер

Шағымның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

Аткенова Сауле Турсунбековна

"Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу "Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу

«Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ

09.01.2024

ЖТ-2024-02778623

Жазбаша түсініктеме берілді

-

Кокешев Медет Жангурбайұлы

"Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу "Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға шағым

"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті"РММ

08.01.2024

ЖТ-2024-02796611

Арыз берушінің қолдау хаты негізінде тоқтатылды

-

Шелега Юлия Сергеевна

"Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу "Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға шағым

"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті"РММ

Дәлелдер расталмаған

-

Выставной Валентин Игнатьевич

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өтініш беру кезіндегі техникалық проблемалар

«Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ

15.02.2024

ЖТ-2024-02989454

Жазбаша түсініктеме берілді

-

Ескендиров Нурлан Зулкарнатович

"Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу "Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға шағым

"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті"РММ

Дәлелдер расталмаған

-

Ескендирова Дамира Ойратовна

Жакупов Жаслан Султанович

Садвакасов Руслан Мусабаевич

"Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу "Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға шағым

«Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ

28.02.2024

ЖТ-2024-03111651

Жазбаша түсініктеме берілді

-

Серажиев Зуфар Габдулбарович

"Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу "Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға шағым

"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті"РММ

Жер учаскесі берілді, көрсетілетін қызметті алушының құқықтары қалпына келтірілді

-

Карпов Василий Васильевич

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға шағым

«Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ

06.03.2024

ЖТ-2024-03282699

Жазбаша түсініктеме берілді

-

Сатанова Шынар Калижановна

Жер учаскесін беру туралы қаулының күшін жоюға шағым

«Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ

20.05.2024

ЖТ-2024-03809318/1

Жазбаша түсініктеме берілді

-

Асыржанов Нурлан Жакыпжанович

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға шағым

"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті"РММ

Дәлелдер расталмаған

-

Есжанова Айгуль Кузатбековна

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға шағым

"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті"РММ

Дәлелдер расталмаған

-

Даньяров Кайрат Калымович

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға шағым

«Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ

02.08.2024

ЖТ-2024-04648770/1

Жазбаша түсініктеме берілді

-

Еркебұлан Гүлнұр Тұратайқызы

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға шағым

"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті"РММ

Арыз берушінің қолдау хаты негізінде тоқтатылды

-

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылау мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіретін жергілікті атқарушы органдардың тиісті құрылымдық бөлімшелері бақылау іс-шарасы және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингілеу нысанында жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шараларының жоспары жыл сайын бекітіледі. 2024 жылы Көкшетау қаласының дербес бөлімдерінде («Красный яр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Станционный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі,) 5 бақылау іс-шарасы өткізілді.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

 2024 жылы Көкшетау қаласы бойынша қоғамдық мониторингтің қорытындысы бойынша  ескертулер жоқ.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылығын және тиімділігін одан әрі арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру мақсатында Көкшетау қаласы әкімі аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша 2025 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспарын бекітті.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бүгінгі таңда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру болып табылады. Яғни, «сервистік мемлекет» моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасының негізгі бағалауларының бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылығы болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша байланыс нөмірлері: 87162 29-78-23, 29-78-24.

Дата публикации
27 февраля 2025
Дата обновления
27 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Көкшетау қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтерінің шекаралары
23 октября 2026
Көкшетау қалалық  аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама
23 октября 2026
СМИ кандидаты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы