Меню

Страницы

Статья

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

Көкшетауда тұрғын үй мәселелерін шешуге көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда. 2024 жылы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды.

1 млн теңге болатын тұрғын үй сертификаты ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабады. Көкшетаудағы алушылар санаттарының тізбесіне сәйкес өтеусіз сертификат халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған. Оны алу үшін конкурсқа қатысушы Отбасы банкінде конкурстық іріктеуден өтуі тиіс. Кандидатура бекітілгеннен кейін өтініш беруші тұрғын үй сертификатын беру туралы келісім жасасады. Бұдан әрі қаражат өтініш берушінің шотына аударылады және Банкпен ипотекалық шарт жасалады.

«Мен көп балалы анамын, 4 бала тәрбиелеп отырмын. Тұрғын үй сертификаты берілетінін естігеннен кейін, қажетті құжаттарды тез жинап тапсырдым. Тамыз айында мақұлдау алды. 1 млн. теңге Отбасы банкіндегі есепшотыма аударылды», - деді Әнуарбек Гүлдәурен.

Айта кетейік, 2024 жылы тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарлануда, бұл мұқтаж азаматтарға олардың тұрғын үй проблемаларын шешуде қосымша қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Дата публикации
17 сентября 2024
Дата обновления
17 сентября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Көкшетау қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтерінің шекаралары
23 октября 2026
Көкшетау қалалық  аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама
23 октября 2026
СМИ кандидаты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы