Меню

Страницы

Статья

Жігерлі жас өзгелерге де үлгі

 Әдетте қалалық ішкі  саясат бөлімінің жұмысы қым-қуыт. Өйткені түрлі сала басшыларымен тығыз байланыста жұмыс істеп, көптеген мәселелерді шешуге тура келеді. Жалпы ішкі саясат бөлімінің тізгінін ұcтау дегені, саяси сауатты ғана болу емес,  қоғамға пайдалы істердің ұйытқысы бола білу дегенді білдіреді.

Көкшетау қалалық әкімдігінде осындай жігерлі жастар қатары өсіп келеді. Оның ішінде ішкі саясат бөліміне басшылық жасайтын, болашағынан үміт күттіретін Бексұлтан Ергенұлы Темірболат осы саланы тиісті деңгейде алға бастырып келе жатыр. Әсіресе, бойын сергек ұстап, денесін шынықтырып, өз құрдастары мен жас буын мамандарды салауатты өмір салтына баулып келе жатқанын да айта кеткен жөн. Ол волейбол ойнаудың шебері,  cпорт шеберлігіне кандидат. Мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан өткен спартакиаданың жеңімпазы, сонымен қатар қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ ойынын да жақсы меңгеріп, биыл өткен турнирде екінші орын иеленіп, ерекшеленді. Сонымен қатар Бексұлтан Ергенұлының шешендік өнерде де қабілеті ерекше. Ол студенттік кезінен дебаттық турнирлерге қатысып, белгілі бір тақырыпқа қатысты өзінің пікірін ашық айта алуымен ерекшеленген және талай сөз додасында жеңімпаз атанған. Ол өзінің қарамағындағы жастарды жауапкершілікке шақырып, қашанда өз ісіне мұқият болуға тәрбиелейді. Өйткені өзінің де алға қойған мақсаты үлкен, әрі жауапты.

  Қала өміріне қатысты маңызды шешімдер қабылдау сәтінде Бексұлтан Ергенұлы өз тәжірибесіне сүйене отырып, туындайтын барлық проблемалық мәселелер бойынша шешім жолдарын табады.

  Бексұлтан Ергенұлының пікірінше, Көкшетау қаласында қаланың әлеуметтік-саяси дамуына ерекше назар аудару қажет.

 

Дата публикации
21 августа 2024
Дата обновления
21 августа 2024
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Көкшетау қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтерінің шекаралары
23 октября 2026
Көкшетау қалалық  аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама
23 октября 2026
СМИ кандидаты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы