Меню

Страницы

Статья

Су тасқынына қарсы күреске үлес қосқандар марапатталды

Бүгін су тасқынына қарсы күресте өзінің батылдығы және азаматтық ұстанымдарымен ерекшеленген адамдарды марапаттау рәсімі өтті. Бұл адамдар жанқиярлық пен қиыншылыққа тап болғандарға көмектесуге дайын екендіктерін көрсетті.

Марапатталғандардың арасында еріктілер, өз өмірлерін қатерге тігуден қорықпаған құтқару мен ішкі істер қызметкерлері, сондай-ақ қиын жағдайда шетте қалмаған бизнес өкілдері болды. Олардың әрекеттері алғыс пен құрметке лайық.

««Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» деген ата-бабамыз. Жақсылық пен игілікті іс жасау – үлкен адамгершіліктің белгісі. Басқа адамдарға көмектесіп жүрген көптеген абзал жандар бар. Олар ортамызда отыр. Құрметті достар, су тасқынына қарсы күресте баға жетпес көмектеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Қиын уақытта көмекке келуге дайын екендеріңіз әр жанның жүрегінде ең жылы және жарқын сезімдерді қалдырады. Кез келген қиындықтар мен кедергілерді тек бірге жеңе алатынымызды есте ұстайық» деді өзінің сөзінде Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса.

Қала басшысы олардың әрқайсысына өз ісіне адалдығы мен қиын күндердегі жанқиярлық көмегі үшін шын жүректен ризашылығын білдіре отырып, бірлік пен ынтымақтастықта кез келген қиындық пен сынақты еңсеруге болатынын атап өтті.

Дата публикации
03 мая 2024
Дата обновления
03 мая 2024
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Көкшетау қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтерінің шекаралары
23 октября 2026
Көкшетау қалалық  аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама
23 октября 2026
СМИ кандидаты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы