2023 жыл бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдарының қызметі жөніндегі есеп
Көкшетау қаласы мемлекеттік органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтері мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесіне кіреді.
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың маңызды аспектісі болып табылады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердңі сапалы болуы үшін барлық жағдайлар жасалған.
Көкшетау қаласы бойынша 10 мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Қаланың мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметтердің 59 түрі мен 58 кіші түрін көрсетеді, мемлекеттік қызметтердің 33 түрі Мемлекеттік корпорация арқылы, 56 түрі «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және мемлекеттік органдар арқылы көрсетіледі.
Ақылы негізде мемлекеттік қызметтердің 8 түрі, тегін негізде 51 түрі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңын басшылыққа алады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтер саны 42141 құрды, оның ішінде:
- Мемлекеттік корпорация арқылы - 9813;
- электрондық түрде барлығы – 18447 (ЭҮП, көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері);
- көрсетілетін қызметті берушілер арқылы– 13881.
2023 жылы жүргізілген талдау негізінде ең көп талап етілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салалары болып табылады.
Қалада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібі туралы ақпарат «Инстаграм» танымал әлуметтік желісінде gosuslugi_kokshe және Көкшетау қаласының интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде жарияланады.
Көкшетау қаласы әкімдігінің сайтында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының жобаларын ашық талқылау 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларымен қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін есепке алу мақсатында өткізілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының жобаларын ашық талқылау қала әкімдігінің сайтында «Жобаларды талқылау және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу стандарттарының жобалары» бөлімінде ашық талқылау үшін орналастырылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады.
2023 жыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жобаларын ашық талқылау барысында қала әкімдігінің сайтына ұсыныстар мен ескертулер келіп түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсететін әрбір жергілікті атқарушы органда келушілер үшін «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпарат орналастырылған стендтер бар.
2023 жыл бойынша қалада мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша барлығы 10 іс-шара (әкімдік отырысы, семинар - кеңестер және тікелей эфирлер) өткізілді.
Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары және оларды көрсету тәртібі бар стендтер ресімделді.
2023 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдарының 57 қызметкері техникалық оқудан өтті.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардан Көкшетау қаласы әкімінің аппаратына мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 4 шағым келіп түсті.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Шағым беруші туралы ақпарат |
Шағым мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау мерзімі |
Шағымды қарау қорытындысы бойынша құжат № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
Мукашева Гульнар Катаевна |
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша негізсіз бас тарту |
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті |
23/05/2023 |
№ 03-03/1311 от 23.06.2023 |
Дәлелдер расталды, бұзылған құқықтар қалпына келтірілді. |
- |
|
Нургазин Еркебулан Калижанович |
Көкшетау қ. әкімдігінің лауазымды тұлғалардың әрекеті және әрекетсіздігі. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу |
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті |
08/09/2023 |
№ 03-03/2235 от 09.10.2023 |
Дәлелдер расталды, арыз иесінің талаптарын қанағаттандыратын акт қабылданды.
|
- |
|
Никитина Оксана Александровна |
Жер мәселесі жөнінде. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу |
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті |
19/09/2023 |
№ 03-03/2228 от 09.10.2023 |
Дәлелдер расталды, бұзылған құқықтар қалпына келтірілді. |
- |
|
Тюлебаев Бауржан Жамантаевич |
Көкшетау қ. әкімдігінің лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекетіне шағым. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша негізсіз бас тарту |
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті |
06/10/2023 |
№ 03-03/2407 от 02.11.2023 |
Дәлелдер расталды, бұзылған құқықтар қалпына келтірілді. |
- |
2023 жылы Көкшетау қаласының дербес бөлімдерінде («Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» «Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Красный Яр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Көкшетау қаласы Станционный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Көкшетау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі) 9 бақылау іс-шарасы өткізілді.
2023 жылғы қоғамдық мониторинг қорытындалары бойынша Көкшетау қаласы бойынша ескертулер мен ұсыныстар жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын және тиімділігі одан әрі арттыру мақсатында, Көкшетау қаласының әкімі 2024 жылға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспарын бекітті. қаласының мемлекеттік органдарының жүргізіп жатқан жұмыстары туралы кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру болып табылады. Яғни, «сервистік мемлекет» моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасының негізгі бағалауларының бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылығы болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша байланыс нөмірлері: 87162 29-78-23, 29-78-24.
Аппарат басшысы Қ.Ғазизов
Орынд. Ә. Қажымұрат